Көкөніс өсімдіктерін келесі негізгі топтарға бөледі:
жемістілер (қызанақ, қияр, кәді (баклажан), бұрыш, кәдіш (кабачок), асқабақ, асбұршақ, ірі бұршақ (бобы), үрме бұршақ (фасоль), соя және т.б.);
тамыржемісті және түйнекжемістілер (сәбіз, шомыр (редька), шалғам (редис), шалқан (репа) және т.б.).
Нақтырақ ақпараттар алу үшін мына сайттарды қарауыңызға болады - www.urogay.ru/vegetables11.htm Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішіндегі тағы бір танымал түрі – алма.
Алма көшеттерін отырғызатын шұңқырларды ертерек әзірлеу керек, топырақтың отыруына уақыт қалдыру үшін оларды кем дегенде көшет отырғызардан бір ай бұрын дайындаған дұрыс. Шұңқырларды тереңдігі 60 см-ге дейін, диаметрін 1-1,2 м-ге дейін, көшет отырғызылатын орынннан алынған топырақтарды органикалық тыңайтқыштармен араластырып қазады.
Қазақстанда өсіру үшін мынадай сорттар ұсынылады:
жазғы – Суйслеппер (алқызыл столовка), Ажар, Мельба, Ақ алма, Алақоржын;
күздік – Ренет Бурхартда (жаз лимоны), Титовка;
қысқы – Апорт, Жетісу ренеті, Алтын арай, Сары Бельфлер, Пепин Черненко, Теміртас, Кандиль-синап, Ақ розмарин.
Алмалардың піскенін екі белгісі бойынша анықтайды: ең алдымен бұл жемістердің сорттарына байланысты түсі мен дәмінің сипатына қарай; екіншіден – сау алмалардың үзіле бастауына қарай. Сақтау үшін алмалардың барлық сорттары жарай бермейтінін ескеру керек. Тек күзгі және қысқы сорттар ғана жақсы сақталады. Олардың толық пісуі өнімді жинап алғаннан соң белгілі бір уақыттан кейін келеді: сортына байланысты – күзгі сорттары 15-30 күннен кейін, ал қысқылары – 2-6 айдан кейін тұтынуға әбден лайық болады. Алма желдетілетін, ауа температурасы 3°С, ауа ылғалдылығы шамамен 85-95% орындарда жақсы сақталады. Бұндай жағдайлар жертөле немесе үй астындағы қоймаларда жасалуы мүмкін.
Алма ағзаның тазаруына жәрдемдеседі – олар ішекте холестериннің, ісіп-қызару үдерісі мен ас қорытудың бұзылуы нәтижесінде қалыптасатын зиянды өнімдермен, уыттармен және басқа да улы заттармен бірігу арқылы оларды ағзадан сыртқа шығарады.
Бұдан да нақтырақ ақпараттарды мына сайттан қарауға болады http://www.ovochi.ru/blog/?p=39.