Тұқым түрлері. Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі – далалық қызыл сиыр. Олар төзімділігі мен түрлі ауа-райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамдылығы арқасында кеңінен танымал. Дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі, орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Далалық қызыл сиырды Қазақстанның оңтүстігінде далалық қуаң аймақтарда өсірген дұрыс.
Сиырдың ең көп тараған етті тұқымды түрі – қазақы ақбас сиырлар. Бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Бұл ірі қара көлемі жағынан үлкен емес, терең әрі кең төсті, дене бітімі жағынан жинақы, мықты сүйекті, жақсы дамыған бұлшық етті, кең денелі. Еттің дәмдік қасиеттері сапалы, ағылшын етті тұқым түрлерінен еш кем емес.
Күту. Сиырлар жайылымдық-сиыр тұратын орында, жайылымдық немесе сиыр тұратын орында күтіледі.
Сиырды жаздық жайылымда бағу пайдалы сүт алуға мүмкіндік береді, мал денсаулығына жағымды әсер етеді, денеде өмірлік маңызды заттардың қорын қалыптастыруға жағдай жасайды. Жайылымдық бағуға малды біртіндеп, яғни бірнеше күн ішінде үйрету керек. Жайылымның ыңғайлы уақыты – таң сәріде және кешке. Күндіз ыстық күндері жануарды шатыры бар жел соғып тұратын биіктеу жерде орналасқан ашық қорада ұстау керек.
Сиырды қысқы қарауға көшіру үшін мал орнын жақсылап дайындау қажет. Тесіктерді бітеп, терезе мен есіктерді мықтап жабылатындай түзулеу керек. Есікті қосымша жылы қаптамамен немесе сабан матрацпен қаптайды. Әсіресе, төбені жақсылап бітеп алу керек. Сиыр тұратын орында оттықтар, қалқалар, тіреулер жөнделіп, дизенфекциялануы тиіс. Терезелер қораны желдету үшін ашылатындай болғаны дұрыс. Оларды мал басының деңгейінен биік шеткі жақа немесе артына орналастыру керек.
Мал тұратын орындардағы кір түрлі дене және басқа да ауруларды тудыруға, сүттің ластануына әкеп соқтырады. Сондықтан да, мал орнын күнде жинау, малды жуу, мал астына төсейтін құрылғыларды тазалықта ұстау – ірі қараның мықты денсаулығы мен жоғары сапалы сүт беруінің басты кепілі.
Жем. Жазда жайылымдағы шөп басты азық болады. Сиыр тәулігіне 60-70 кг. жақсы сапалы шөп жейді. Малды өсімдіктер гүлдегенге дейін жақсы өсіп тұрған шөпте жаю арқылы мол сауын алуға болады. Сыртқа жайылмайтын кезеңде негізгі азықты (тәулігіне 5-6 кг.) қатты жем құраса, сиыр құнарлы заттарға деген сұранысын толығымен қанағаттандыра алады. Қысқы уақытта шөп сиырлар үшін ең басты азық болып табылады. Сиырдың жағдайы және өнімділігі шөппен қаншалықты қамтамасыз етілуі мен берілген шөптің сапасына байланысты. Сиырларды азықтандыруда қызылша, қант қызылшасы, тарна, турнепс, сәбіз, картоп, алмұрт, асқабақ, жемдік қарбыз пайдаланылады. Бұларды сиырлар жақсы жейді, олардың тәбеті ашылып, тамақтың қорытылуы мен сіңуі жақсы қамтамасыз етіледі. Бұл өсімдіктер қосымша азық ретінде әсіресе, бұзаулаған сиырды алғашқы айларында сауу кезінде қолданылады.