Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет105/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   351
Шаяндардың түрлері. Қазақстанда өзен шаяндарының екі түрі кездеседі: еуропалық және қиыр шығыстық. Аса танымал және кәсіптік мәнге ие түрлері еуропа шаяндары болып табылады. Соңғыларының өз кезегінде екі түрі кездеседі: кеңашалы және ұзынашалы. Кеңашалы секілді түрді жемісті етіп өсіруге болады, өте кең әрі күшті етті қысқыштарымен ерекшеленеді, оның кең етті көкеттері (иірім) бар, оны аспаздық және консервілеу ісінде «шаян мойыны» деп атайды.

  • Бағу. Бақша маңындағы учаскеде шаяндарды өсіру үшін жасанды тоғанды пайдалануға болады. Тоған құрылысының технологиясы арнайы білім мен дайындықты талап етпейді. Шаяндар таза, тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қалдықтармен ластанбаған тоғандарды ұнатады, олардың тереңдігі әдетте 2-5 м., бірақ жекелеген жағдайларда 8-15 м.-ге дейін жетуі мүмкін.

    Жасанды тоған құрылысы туралы қосымша ақпаратты сіз мына сілтеме бойынша ала аласыз:
    http://crayfishmaster.narod2.ru/stroitelstvo_iskusstvennogo_vodoema_dlya_viraschivaniya_rakov/

    1. Жем. Өзен шаяндары табиғи жолмен тоғандарда тіршілік ететін, өз кезегінде ұсақ балдырлармен (фитопланктонмен) қоректенетін, ұсақ омыртқасыз жәндіктерді азық етеді (дафний, циклоп, коловраток және т.б). Шаяндарға да қосымша жем беру қажет. Шаяндарды кешқұрым азықтандырады, шаяндар жиналатын орындарға бұзылған ет пен балық қалдықтарын, түрлі көкөніс кесінділерін, нан қоқымын, түрлі суланған дәнді бидайларды, нанның жұмсақ жомдарын суға араласқан күйде немесе май шығару өндірісінен қалған қалдықтарды тастайды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   351




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет