басқа да құрал-жабдықтар (пышақ, қасық және т.б) – 25 000-300 000 теңге.
шикізат– ай сайын кем дегенде 50 000-300 000 теңге.
ғимаратты жалға алу – ай сайын 120 000 теңге.
қызметкерлерге төленетін жалақы (алғашқы кезде – 1 кондитер, 1 жүргізуші, 1 бухгалтер) – ай сайын 240 000 теңге.
Барлығы: шамамен 2 110 000 теңге.
Табыс:
Торттың орташа бағасы - 2 000-3 000 теңгеден жоғары. Бір күнде 3-4 торт * 30 күн = 90 торт * 2 500 теңге = 225 000 теңге.
1 кг ұннан салмағы 80 г. 18 дана круассан шығады. Бір сағатта 50-60 данасы піседі. Ал күніне оны үш рет пісіруге болады – 150 * 120 теңге = 18 000 теңге * 30 күн = 540 000 теңге.
Торт пен круассандардан түскен пайда айына 765 000 теңгені құрайды. Алайда сіздің шығыстарыңыздың да көп екенін ескеру керек. Бірақ сіз өнім түрлерін көбейтуіңіз мүмкін. Онда сәйкесінше табыс та өсе түседі.
Әрине, алдымен сізге алғашқы салымдарды қайтарып алу керек, оған 6-7 ай уақыт кетеді.