Құрылыстан кейінгі тазалаудың жөндеуден кейінгі тазалаудан айырмашылығы жоқ, бірақ мұнда тазалау процесі қиынырақ, тазалаудың бұл түріне, мысалы, қосымша мына жұмыстар кіреді: үй фасадын тазалау, үй ауласын жинау.
5. Қызметкерлер. Қызметкерлердің арнайы біліктілігі болу керек, яғни олар жууға арналған химиямен жұмыс жасауда тәжірибесі бар, мамандандырылған жабдықтарды қолдана білетін мамандар болуы тиіс. Сіз өзіңіз де бұл іспен айналыса аласыз немесе жұмыстың көлеміне қарай қызметкерлер жалдауға да болады.
6. Болжамды есептеулер.
6.1. Шығыстар:
бастапқы кезеңде сіз 4 адам аласыз делік. Қызметкерлердің жалақысы – 30 000 теңге * 4 қызметкер = 120 000 теңге.
шаруашылық тауарларды сатып алу – 10 000 теңге.
6.2. Табыс:
Кіреберістерді жинау - 1 м² =100 теңге. Бес қабатты үйдің бір кіреберісі 50-60 м² * 100 теңге = бір кіреберіс үшін 5 000 теңге. Бір үй 5 кіреберістен тұрады * 5 000 теңге = бір үйден айына 25 000 теңге. Ал егер ПИК-пен келісіп, бірнеше үйлерге қызмет көрсетсеңіз, онда табысыңыз да жоғары болады.
7. Пайдалы сілтемелер:
http://www.st-uborka.ru/uborka-kvartir.html
http://profinance.kz/2010/08/19/klining-uborka-kak-iskusstvo.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тазалау қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |