Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет17/167
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#38560
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   167
Сабан мен пішен. Бұл тыңайтқыштарға қалаған кезде қол жеткізу бақшашылар үшін соншалық қиын болмаса да, оның құндылықтары туралы көп жағдайда ұмытып кетеді. Сабан мен пішен әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие, мысалы олардың бірі ретінде суды сіңіру мен ұстап тұру қасиетін айтсақ болады. Сабанның бір бөлігі судың үш бөлігін сіңіре алады. Микроағзалардың өсімдік қалдықтарын, әсіресе сабанды қайта өңдеуі кезінде өсімдіктерге ауруларға қарсы төзімділік қасиет беретін ерекше зат экотол өңделініп шығады. Сабанды топыраққа себуден бұрын оны дұрыс дайындау қажет.
Түбі жоқ ағаш жәшікке бір қап сабан салып, оған 8 литр несеп ерітіндісін құяды (50 - 60 г. ерітінді 10 литр суға). Осылайша үш қапты жинап салады. Басқа ерітінді үшін шамамен 1 кг. шіріп тұрған көңді немесе компостты алады да 10 литр сумен араластырып, дайын болған ерітіндіні сабан салынған жәшікке толғанша құяды. Бұл субстратты микроағзалармен тезірек толтырып, оның қозғалу механизмін жылдамырақ жүзеге асыру үшін керек.
Бұл операция әдетте қыркүйек айында жасалынады да, сабан осы түрінде қысқа қалады. Бір жылдан кейін сабан толығымен шіриді. Алынған субстрат арасында жартылай шіріген сабан қалдықтары бар, борпылдақ, қара-қоңыр түсті болады. Көктемде оны барлық өсімдіктерді отырғызу кезінде компост сияқты қолданады.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет