5. Қызметкерлер. Орталықтың көлеміне қарамастан, онда педагогикалық білімі бар менеджерлер жұмыс жасау керек. Олар балалармен ойнап, ойын барысын қадағалайды.
Орталықта екі топ аша аласыз: біреуі түске дейін, екіншісі түстен кейін. Бір топта 10-12 бала болады. Осыны ескере отыра, сіз педагогикалық білімі бар екі қызметкер алуыңыз керек. Профильді педагогтар белгілі бір уақыттарда ғана келетін болады. Әр қызметкермен келісім-шартқа тұрыңыз.
6. Өткізу.Хабарландырулар мен визиткаларыңызды қала бойынша бизнес-орталықтарда, сауда орындарда, балалар емханаларында тарата аласыз. Жергілікті газет-журналдарға жарнама беруге де болады.