10. Бал арасын өсіру
1. Жалпы ақпарат. Ара өсіруге негізделген бизнес – бұл негізінде балара ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы балара балы, балауыз, ара желімі, тозаңы және басқа да балара өнімдерін алуға болады. Табиғи жас балара өнімі азық–түлік саласында да, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие.
2. Түрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс.
Ортаресейлік аралар. Ірі болады, салмағы 110 мг жетеді. Тұмсығы қысқа - 6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері ортаресейліктен кіші, бірақ кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 6,7 мм дейін. Бұл аралар да бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |