«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі (ж/м бағыты)бойынша жиынтық бағалау 10 сынып



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі56,08 Kb.
#185946
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әртүрлі ортадағы электр тогы бөлімі (жм бағыты)бойынша жиынтық бағалау 10 сынып



«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі (ж/м бағыты)бойынша жиынтық бағалау 10 сынып


Оқу мақсаттары 10.3.3.1 Металдардағы электр тогын сипаттау және
кедергінің температураға тәуелділігін талдау;
10.3.3.3 Жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру
10.3.3.5 Электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану
10.3.3.7 Газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;

Бағалау критерийі Білім алушы


  • Металдардағы электр тогының пайда болуын сипаттап, оның кедергісінің температураға тәуелділігін анықтайды

  • Жартылай өткізгіштерден электр тогының өту барысын сипаттап, жартылай өткізгіштік құралдардың қолданылуын түсіндіреді.

  • Электролиз құбылысының жүру барысын сипаттап түсіндіреді

  • Фарадей заңын есептер шығаруда қолданады

  • Газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттайды



Ойлау дағдыларының Білу және түсіну, қолдану
деңгейлері:
Орындау уақыты: 20 минут

Тапсырма


1.Әр түрлі ортадағы электр тогы мен олардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз [4]



Электр тогы өтетін орта

Электр тогы өтетін ортаның сипаттамалары

1

Металдардағы электр тогы

1. Электонды сәулелік түтікте қолданылады

2

Жартылай өткізгіштердегі электр тогы

2.Зарядтарды иондар мен электрондар тасымалдайды

3. Зарядтарды электрондар тасымалдайды

3

Сұйықтардағы электр тогы

4.Ортаның кедергісі температура артқанда артады

5. Зарядтарды кемтіктер мен электрондар тасымалдайды

6. Ортаның кедергісі температура артқанда кемиді

4

Газдардағы электр тогы

7.Ортадан электр тогы өткенде зат бөлінеді

8.Термоэлектрондық эмиссияның көмегімен ток жүреді

5

Вакуумдағы электр тогы

9.Ортаны қыздырғанда немесе иондағанда электр тогын жақсы өткізеді

10. Зарядтарды иондар тасымалдайды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет