Дидактикалық мақсаты: Ондықтармен санауға, ондықтарды оқуға, жазуға машықтандыру.
Құралдар: карточаклар.
1 ондық 2 ондық 3 ондық
10 20 100
Оның мазмұны: Карточкалар оқушыларға үлестіріледі. Мұғалім “ жұбыңды тап ” – деген кезде, әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалуы керек.
Қалған оқушылар тапсырманың дұрыстығы шартты белгілерін көрсету арқылы тексеріп отырады.
“ Орнын тап” ойыны
Дидактикалық мақсаты:Оқушылардың есептеу дағдысын дамыту.
Құралдар: тақта, мысалдар жазылған карточкалар.
Мазмұны: тақтаға төмендегідей мысалдар жазылған карточаклар ілінген.
I тақта II тақта
28 -10 9 +5 5 +7 19 +9 9 +6 14 + 7
6 +5 9 +8 16 +9 11 +7 13 +4 9 +3
8 +7 11 -2 15 +5 8 +8 15 +10 7 +6
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір – бірден оқушылар шығып, өз тақтасындағы мысалдар ішіндегі жауабы ең кішісін табады ды, оны алып, тақтаның астынғы жағына орналастырады. Мұнан кейін оны топтың басқа оқушысы алмастырады т.с.с. Осылайша әр топ өздеріне берілген мысалдарды жауаптардың өсу реті бойынша орналастырады.
“Математикалық домино” ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |