Есболат айдабосын. Тибет аруы әҢгіме



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата13.02.2023
өлшемі444,85 Kb.
#168597
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тибет аруы

............. 


Метродағы әңгіменің желісі арада апта өткенде,біздің 
жалдамалы пәтерде тура сол үзілген тұсынан жалғасын 
тапты. 
-Cендердің қилы тағдырларың талай шығармаға арқау 
болған, дедім Қамардың отбасылық тарихын тыңдап болған 
соң…. Ол жұлып алғандай, жалт қарады. Көкейіндегі 
«шығарма сөзінің мағынасы не?» деген сауалды, көзі айтты. 
-Халифа Алтай мен Хасен Оралтайды танушы ма едің? 
-Жоқ, білмейді екенмін. 
-Сендердің өлкеден шыққан азаматтар. Сол кісілердің 
«Алтайдан ауған ел», «Елім-айлап өткен өмір» деген сынды 
бірқатар кітаптары бар, сонда 1938 бен 1951-жылдары 
Үкіметтің қыспағына шыдамаған қытай қазақтары екі мәрте 
Тибет асып, Гималай шыңынан өтіп, Үндістан, Пәкістан, 
Кашимирге жетіп жан сауғалағаны…. Ал 1952-жылы Түркия 
мемлекеті босқын қазақтарды көшіріп алу туралы тарихи 
шешім қабылдағаны жазылған….. 
-Иә, иә! Енді есіме түсті, деп сөзімді бөліп жіберді. 
-Деректерге қарағанда барар жер, басар тауы белгісіз сол 
сапарға он сегіз мың қазақ шығыпты деседі. Соның небары 
екі мыңы Анадолыға аман жеткен деп сөзімді жалғадым. 
Бірсыпырасы Гималайдың құзынан ұшып өлген, біразы 
Тибеттің биік тауларында ауа жетіспей, «ыс» ауруынан 
қайтыс болып, тағы бірқаншасы көшке ілесе алмай жолда 
қалған. Сенің аталарың асылы, Тибет жұртына сол екі 
дүрмектің бірімен барған болар…. 
-Тап солай, әкемде осылай деп айтып отыратын. 
-Әкең не қызмет істейді? 
-Ол 
кісі 
шойынжолда 
кәсіп 
қылған, 
қазір 
ту….туейсюу…,туейсюу алған. 
-Туейсюу деген не?деп еренсіз сұрай салдым да телефонға 
үңіліп сөздіктен іздестірдім. Ол бұл сөздің қазақша нұсқасын 


түсіндірем дегенше менде сөздіктен тауып аларыма сендім. 
Көп қиналмай, таптым да… Зейнеткер екен. Әкесі бұрын 
теміржолшы болыпты, кейіннен қос жанары суалып, көруден 
қалады. Қытайда зағиптарды медициналық массаж өнеріне 
баулып, жұмыспен қамтамасыз ететін қайырымдылық 
ұйымы бар. Сол бойынша осы кәсіпті игеріп, зағиптар 
орталығында қызмет істейтін көрінеді. 
-Ол кісінің қазақшасы тәуір шығар дедім, Қамардың үзіп-
жұлып айтқан әңгімесіне мейір қанбай отырғанын танытып. 
-Әлбетте! Сіздерге ұқсас сөйлейді. Мен ханзу мектебінде 
оқыдым, соуий (сондықтан) қазақша тәуір білмеймін. 
-Тибетте сонда қанша қазақ тұрады? 
-Жиырма шақты үй бар. 
-Жиі-жиі бас қосып тұрасыңдар ма? 
-Наурыз той, құрбан айт секілді мерекелерде ғана 
жиналамыз. Жиырма үй болғанмен әрқайсысы әр аймақта 
шашырай қоныстанған. Барыс-келіс қиындау. 
-Жиырма отбасы қыз алыспайтын аталас шығар, ұлдары 
қайдан келін түсіріп, қыздар қайда тұрмысқа шығады сонда? 
Бұл сұрақты да Қамар түсініңкіремей қалды бастапқыда. 
Ежіктеп ұғындыруға тура келді. 
-Аааа, деп қытайларша бір ыңыранып алды да жымиып 
күлді. Сіздер бізді оқшау қалған деп ойлайды екенсіздер ғой, 
біз Тибетте тұрғанмен Алтай, Тарбағатайда туыстарымыз 
бар. Солармен қарым-қатынасымыз үзілген емес. 
-Ааа, солай ма деп бұ жолы мен таңырқағандай сыңай 
таныттым. Іле келесі сұрақ, оған жауап алған соң тағы біріне 
сүрлеу салып, әңгіменің өрісін жаңартып отырмын. 
Балаларды жайғап, дастарханды қамдап жүрген әйелім де 
ара-тұра келіп сөзге араласады. Бір кезде буын бұрқыратып, 
қуырылған балықты ортаға қойды. 
-Бейжіңде халал етті табу қиын екен, көбіне осы балықты 
талғажау етеміз, деп бүгін қазан көтермегеніне ақталып 
жатқандай сыңай байқатты. Түстегі дүнген асханасынан 


жеген ащы лағманнан кейін нәр сызбап едік, тамаққа бас 
қойдық. Балық жегеннің рахатымен қоса машақаты жетерлік, 
басқа тамақтардай тіске бірер басып, қылғытып жұта 
бермейсің, бір ұртыңнан қылтанақ суырып, шұқыланып 
отырғаның… Асқазанның қамын күйттеп, алдымдағы аспен 
алысып кетіппін, бір балықтың бел омыртқасын 
қабырғасымен қоса жәукемдеп болған кезде бір-ақ 
байқадым, Қамар табағындағы сыбағасынан іліп аузына 
салмапты. Қонағыңның ыздиып отырғаны қайбір жақсы 
дейсің, әйеліме ақырындап ым қақтым. Ол да қазір көрген 
болу керек, 
-Қамар, тамақтан алмадың ба, әлде ауырып отырсың ба? деп 
бәйек қақты. 
– Мен балық жемеуші едім, деп ыңғайсызданғандай түр 
байқатты ол. 
-О, неге? Екеуміз бірдей жалт қарадық. 
-Жалпы Тибеттіктердің бір парасы балық жемейді? 
-Не үшін? Балық халал емес пе? 
-Тибеттіктердің діни сенімі бойынша бірқаншасы өлген 
адамды құзғынға тастайды, бірқаншасы өзен, көлге ағызып 
жібереді. 
Сондықтан 
адамның 
өлігімен 
балықтар 
қоректенеді деп, судағы бүкіл жәндікті жемейді. 
-Сен енді тибеттік емес, қазақсың ғой… Менің аңғалдау 
сұрағыма Қамар иығы селкілдеп, сықылықтап тұрып күлді. 
Күлкісі ашық, тау суындай сыңғырлап тұр. Күлгенде сұрша 
жүзіне қан ойнап, өзінше жарасым табады екен. 
-Қазақпын ғой деген, күлкісін тия алмай. Бала кезден балық 
жемей өскен соң, үйренісіп кетіппіз. Сіз мені біресе Ханзу 
(қытай ұлты) біресе Заңзу (тибет ұлты) деп, әбден 
састырдыңыз ғой… 
— Ааа, онда мархабат деп бізде қыстамадық. Тибеттік 
қонағымызға бола сол түні тағы бір тамақ жасалды. Түннің 
бір уағына дейін әңгімелестік. Ол бізден Қазақстан туралы 
сұрайды, біз Қытай мен Тибет жайлы мағлұматтарға 


ынтығамыз. Сағат тілі он екіге таяғанда ғана жатақханамның 
есігі жабылып қалатын болды деп, қона сал дегенімізге 
көнбей асығыс аттанып кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет