Квазимемлекеттік сектордан қайтарымды арттыру
Жаңа құрылымдық экономика құру шеңберіндегі басты міндет бәсекелестік пен жеке капиталды дамыту және мемлекеттік меншіктің үлесін 2020 жылы ЭЫДҰ елдерінің деңгейі – ЖІӨ-нің 15%-іне дейін азайту. Үкімет экономиканы мемлекет иелігінен алу және мемлекеттік активтерді жекешелендіру процесін жандандырды.
Мәселен, Сингапур, АҚШ, Люксембург, Норвегия елдерінің тәжірибесі бойынша заңнамалық негізде «Yellow Pages Rule» принципі бекітілді. Принцип барынша қарапайым әрі қатаң. жеке сектор жұмыс істейтін жерде мемлекеттік кәсіпорын саласының қызметі шектеулі болуы тиіс.
Бұдан басқа, Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 329 млрд. теңге сомасындағы 497 нысан сатылған.2022 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Тау-Кен Самұрық» және «Самұрык-Энерго», «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» тәрізді ірі нысандарды сату жоспарланған.
2018 жылғы инвентарлау нәтижесі бойынша Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Жұмыс тобы 621 бірлік квазимемлекеттік сала субъектісін оңтайландыруға ұсыныс жасады.
Қабылданған шешімдердің есебінен мемлекеттің үлесін азайтудың оң динамикасы байқалады.
Сонымен бірге, бір саладағы мемлекеттік саланың субъектілерінің бәсекелесуі сақталуда. Осыған байланысты, 2019 жылғы желтоқсанның соңына дейін ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізіледі. Талдау мақсаты компанияларды дамыту стратегиясын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу деңгейін, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін бөлшектеп байланыстыру, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін анықтауға бағытталады.
Бұдан басқа, 2020 жылы Есеп комитеті Министрлікпен бірге квазимемлекеттік сала субъектілерінің қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша өткізілген талдау жөнінде есеп ұсынылып, сондай-ақ бірқатар квазимемлекеттік сала субъектілерінің одан арғы қызметінің пайдалылығы туралы ұсыныстар жасалады.
3. Баға белгілеу және тарифтер мәселелері
- Коммуналдық қызметтер тарифтері
Елбасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысы нәтижесі бойынша берген тапсырмасын орындау үшін 2018 жыл мен 2019 жылдың басында елде коммуналдық қызметтер тарифтері орташа алғанда 9%(жылумен қамтамасыз ету саласында – 10,7%, сумен жабдықтау – 7,9%, су тарту жүйесі – 6%, газбен жабдықтау – 7,4%, электрмен жабдықтау – 8%), оның ішінде уақытша өтемдік тарифтер енгізу арқылы төмендетілді.
Қазірде, ел бойынша орташа тариф: жылумен қамтамасыз ету – 10,7% 2 689 тенге/Гкал, сумен жабдықтау – 68,3 тенге/м³; су тарту жүйесі – 46,8 тенге/м³; газбен жабдықтау – 19,3 тенге/м³; электрмен жабдықтау – 11,5 тенге/кВтч құрайды.
2019 жылы жүргізілген жұмыс нәтижесінде тұтынушылардың коммунальдық қызмерттер бойынша жалпы үнемделген қаражат шамамен 40 млрд. тенге құрайтын болады.
Бұл ретте, тарифтерді қалыптастыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етілген, заңды түрде (ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңы)жоспарланған тарифтерді өзгертуді жария талқылауға және тұтынушылар алдында жария есептеме беру арқылы халықпен кері байланыстың тиімді тетіктерін енгізуге бағытталған ережелер бекітілген
Тарифті қалыптастырудың бірінші кезекте инвестицияларды тартуға, субъектілерді операциялық шығындарды азайтуға ынталандыруға және субъектідер қызметінің тиімділігін, олар беретін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған жаңа ынталандыру тәсілі енгізілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презитенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 2018 жылғы 24 мамырдағы «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен монополияға қарсы органдардың міндеттерін күшейтуді қарастыратын өзгерістер енгізілген.
Мәселен, көрсетілген өзгерістер күшіне енгеннен бастап монополияға қарсы орган бәсекелестікке қайшы келісім белгілері бойынша 60 тергеужұмыстары, оның ішінде сатып алу мен саудада келісім белгілері бойыша 28 тергеу жұмыстары басталған.
Алайда, 2019 жылдан бастап монополияға қарсы ведомство Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындаға заңнамасын бұзу бойынша 61, оның ішінде15 – бәсекелесттікке қарсы келісім фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бітірген.
2019 жылғы 24 мамырдағы Ұлттық интвесторлар кеңесі отырысының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев берген тапсырмаға сәйкес, негізгі тауар нарықтарындағы жағдай бойынша талдау жүргізу және елде бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасын қабылдау қажет.
Бұл жұмыс аясында жағдай бойынша талдау жүргізу және бәсекелесті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін негізгі тауар нарықтарын іріктеу критерийлері анықталды. Анықталған критерийлерге сәйкес, 20 негізгі тауарлар нарығы іріктелген.
Сонымен қатар, салалық принцип бойынша бизнес, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған жұмыс топтары құрылып, тауарлық нарыұтарды талдауға кірісті.
Бұл ретте, Үкімет коммуналдік қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуін болдырмау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
2018 жыл бойынша Тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаларды талдау нәтижелері бойынша табиғи монополия субъектілері, ҚР ҰЭМ 2019 жылғы шілдеден бастап тұтынушыларға шамамен 9,4 млрд. тенге (табиғи монополиялардың413 субъектісінеуақытша өтемдік тарифтер енгізу арқылы) қайтарады.
Сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің қызметін қадағалауды күшейту мақсатында уәкілетті органға:
- нормативті техникалық шығаны, шикізатты, материалдарды, жағармайды, энергияны пайдаланудың техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
- табиғи монополия субъектілерінің штаттық кестесі мен жылдық шығындар сметасын келісімдеу өкілеттерін беруді қарастыратын «Табиғи монополиялар туралы» Заңға өзгерістер жобасы әзірленген.
Бұл заңды қабылдау 2019 жылдың сонына дейін жоспарланған.
Қазіргі уақытта негізгі тауар нарықтарындағы жағдай бойынша талдау жүргізу аяқталуда және оларда бәсекелестікті дамыту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру жүргізілуде.
Тауар нарықтары бойынша жүргізілген талдау нәтижесі бйынша оларда бәсекелестікті дамыту бойынша ұсыныстар қалыптасырылады және бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасы әзірленеді.
Одан басқа, бағалық келісімдерді сатып алу мен саудаға жол бермеу, монополиялық қызметті бұлтартпау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
2012 жылы Қазақстан Республикасында ішкі авиатасымалдар нарығындағы барлық шектеулер алынып тасталды (нарық толығымен ырықтандырылды). 2015 жылы жолаушылардың ішкі авиатасымалдары нарығындағы бағаларды мемлекеттік реттеу жойылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының баға белгілеу негізінде баға белгілеудің нарықтық әдісі (сұраныс пен ұсыныс) салынған.
Авиакомпаниялардың баға белгілеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес монополияға қарсы реттеуге жататынын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайларда монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның авиакомпанияларында баға белгілеудің икемді жүйесі қолданылады. Әрбір авиакомпаниялардың баға саясаты мен әр бағыт бойынша әр түрлі тарифтері бар. Авиатасымалдарға арналған тарифтердің әртүрлі түрлерін қолдану әлемдік тәжірибе болып табылады. Авиабилеттің толық құны көптеген факторларға байланысты және мынадай өлшемдермен анықталады: авиабилетке арналған тарифтермен, таксалармен (әуежай алымдарымен), отын алымдарымен, авиабилетті ресімдеу немесе жеткізу үшін агенттік алымдармен және авиакомпаниялар белгілейтін жеңілдіктермен.
Жолаушылар тасымалы шығыстарының құрылымында шығыстардың негізгі үлесін мынадай шығыстар алады:
- отынға арналған шығыстар – 32%, (авиакомпаниялар жеткізушіден сатып алатын авиакеросин);
- пайдалану шығыстары – 18% (авиакомпаниялардың өндірістік шығыстары);
- ӘК лизингі бойынша шығыстар – 17% (әуе кемелерін жалға алу бойынша авиакомпаниялардың шығыстары);
- әуежайлық қызмет көрсету – 11% (әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін қоса алғанда);
- аэронавигациялық қызмет көрсету – 2% (аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін қоса алғанда);
- еңбекақы төлеуге арналған шығыстар – 6% (авиакомпаниялардың персоналға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстары);
- борт тағамы – 2% (авиакомпаниялардың жолаушыларды тамақпен қамтамасыз ету бойынша шығыстары);
- сату бойынша шығыстар – 3% (броньдау жүйелері бойынша авиакомпаниялардың шығыстары, комиссиялық сыйақы, жарнама, интерлайн-келісімдер бойынша комиссиялар, басқалар);
- ауыспалы шығындар – 7% (авиакомпаниялардың экипаждарға, оқытуға және тренингтерге, келісімшарттық экипаждарға және т.б. шығыстары).
Демек, авиатасымалдардың өзіндік құнында әуежайлық қызмет көрсетуге арналған шығыстар шамамен 6 – 11% құрайды, оның ішінде әуежайлардың барлық реттеліп көрсетілетін қызметтеріне авиакомпанияларға, авиамаршрутқа және әуе кемесіне байланысты шамамен 2 – 7% келеді.
Бұл ретте Республиканың көптеген әуежайларының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер 10 жылдан астам қайта қаралмағанын атап өтеміз, тиісінше әуежайлардың реттеліп көрсетілетін тарифтерінің деңгейі өзгеріссіз қалады.
- Автомобиль көлігі саласында
Қазіргі уақытта қалааралық облысаралық маршруттарды қоспағанда, тұрақты облыс ішіндегі қатынаста (қалалық, қала маңындағы, ауылдық, ауданаралық, ауданішілік) жолаушыларды тасымалдау тарифтерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Бұл ретте, егер жергілікті атқарушы органдар белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдауға арналған шығындарды жаппаса, онда жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдауға арналған нақты шығындар арасындағы айырманы ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес субсидиялар бөлу жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтейді.
Қалалық қоғамдық көліктерде жолаушыларды тасымалдау тарифі Нұр-Сұлтан қаласында–180 тг. Алматы қ. – 150 тг. ШҚО-да – 90 тг. СҚО – 80 тг. Шымкент қ. және Павлодар облысы – 70 тг., Жамбыл облысы – 65тг., Маңғыстау және Түркістан –50 тг., қалған облыстарда – 80 теңгеден. Бұл ретте ел бойынша есептік (нарықтық) тариф шамамен 150 теңгені құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар қатынастардағы тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға шамамен 30,8 млрд.теңге бөлінді, оның 85%-ы Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі, онда тиісінше 20,3 млрд. және 5,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері 2019 жылы субсидия бөлген жоқ.
Қалааралық облысаралық қатынаста жолаушыларды тасымалдауға белгіленген еркін тарифті мемлекет реттемейді және маршруттың қашықтығына және ілеспе шығындарға байланысты тасымалдаушылар өздері белгілейді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 25 маусымында Алматы қаласында өткен "Busworld Central Asia 2019" халықаралық автобус көрмесінде ҚР ИИДМ, әкімдіктер, тасымалдаушылар, отандық автобустарды өндірушілер және салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді, оның шеңберінде әлеуметтік маңызы бар қатынастарға қызмет көрсететін тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 3 шілдесі аралығында ИИДМ алаңында "Атамекен" ҚР ҰКП және "Kazlogistics" СТК өкілдерінің қатысуымен 2018-2020 жылдарға арналған автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны (бұдан әрі–кешенді бағдарлама) іске асыру шеңберінде қабылданатын шаралар бойынша әкімдіктерді тыңдау өткізілді.
Осы кеңестердің қорытындысы бойынша ИИДМ тарапынан облыс әкімдерінің атына осы бағыттағы жұмысты күшейту және бюджетті кезекті нақтылауға қажетті субсидиялау көлемін бөлу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туралы нұсқаулар жіберілді.
Темір жол көлігі саласында
«Жолаушыларды, багажды және жүк – багажды темір жол көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы №203 қаулысына (бұдан әрі - №203 қаулы) сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) мүше мемлекеттердің бірыңғай тарифтік саясатын жүргізу мақсатында 1995 жылғы 1 наурыздан бастап ТМД - ға мүше мемлекеттердің темір жол көлігі жөніндегі кеңесі ұсынған швейцар франкінде есептелетін мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифі (бұдан әрі – МАБ) енгізілді. №203 қаулыға сәйкес көрсетілген тарифтер жолаушыларды, багажды және жүк - багажды халықаралық қатынаста және республикалық қатынаста - ТМД-ға мүше мемлекеттердің темір жол поездары мен вагондарында тасымалдау кезінде қолданылады.
Облысаралық қатынаста жолаушылардың жол жүру құны жолаушының бағыты (км) қашықтығына, поездың санатына және оларға қолдану жолымен вагонның түріне қарай МАБ базалық ставкалары арқылы белгіленеді.:
- 01.01.2018 жылдан бастап ҚР ИДМ белгілеген индекстеу коэффициенті - 1,880 купе, плацкарт, жалпы және люкс вагондары үшін 2,067;
- Швейцария франкінің теңгемен бағамы (Швейцария франкінің облысаралық қатынастағы бағамы 103,05 теңге деңгейінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылғы 1 қазандағы ресми бағамы 1995ж.24 ақпандағы №203 қаулысына сәйкес тіркелді.);
- қосылған құн салығы (ҚҚС) - 12%.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 9 сәуірдегі №494-V ҚРЗ қабылданған «Кейбір заңнамалық актілерге темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге теміржол тарифтерін реттеу функциялары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілді
«Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы №411 бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін анықтау әдістемесінің жаңа редакциясы бекітілді.
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) жөнелту күнінен бұрын сатып алған жағдайда, жолаушыларға коммерциялық поездарда базалық бағадан 35%-ға дейін, әлеуметтік маңызы бар поездарда 25%-ға дейін жол жүру құжаттарын (Билеттерді) сатып алу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте жөнелту күніне жақын және поездардың толтырылуы ұлғайған кезде жол жүру құжаттарының (билеттердің) құны 25%-ға дейін өсетін болады.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Билеттерді сату кезінде, сондай – ақ жолаушыларды поезға отырғызу кезінде асыра пайдалануды бақылау мен шектеудің қазіргі заманғы әдістерін қамтитын «Mobius» (бұдан әрі – «Mobius» ФКС) жүйесі енгізілді.
Билеттерді сату жүйесін жаңғырту шеңберінде "күту парағы" әзірленді, ол билет болмаған жағдайда жолаушыға билет кассасына немесе сайтқа хабарласу арқылы жолаушыға жол жүруге мүмкіндік береді. bilet.railways.kz (билетті «сатып алу» бөлімінде іздегеннен кейін) электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, жол жүру билетін (құжатты) сатып алуға өтінім бере отырып, күту парағына кезекке тұру. Бос орын пайда болған жағдайда, жолаушының көрсетілген электрондық мекенжайына брондалған билет туралы хабарлама келеді. Брондалған билетті жолаушы кез келген темір жол кассасы немесе сайтта рәсімдей және ала алады bilet.railways.kz ескерту.
Достарыңызбен бөлісу: |