Есеп 1 Студент емтихан тапсырып жатыр. Ол өте күшті қобалжып тұр. Ауызы құрып қалған. Сұрақ



бет2/2
Дата28.04.2020
өлшемі24,35 Kb.
#65085
1   2
Байланысты:
Сит. есеп эндокринді жүйе

Сұрақтар.

  1. Гипоталамо-гипофизарлық- тиреоидтық гормональдық реттелудің қайсы бөлімінде бұзылыс орын алған?

  2. Н4

  3. ауқаста гипофизарлық жеткіліксіздік бар ма, Науқаста қалқанша бездің 1функциясы бұзылған ба?


Есеп 3

Педиатрдың қабылдауында 10 жасар бала ұйқышылдыққа, зейіннің әлсіреуіне нашар үлгеріміне шағымданған. Диагностикалық тексеру кезінде балада қалқанша без функциясының төмендегені анықталған.

Сұрақтар.

  1. Тиреоидты гормондардың қалыпты секреторлық циклы үшін қандай элемент қажет?

  2. Осы науқасқа қандай нұсқаулар беру қажет?

  3. Бұл науқастың қалқанша безі үлкейген немесе кішірейген бе?


Есеп 4

Эксперименттің келесі кезеңдері мен нәтижелерін талқылаңыз.

  1. Торлы қабырғамен бөлінген жәшікке екі топ еркек-егеуқұйрықтар орналастырылған.

  2. Жәшіктің бос бөлігіне эструс күйлеу жағдайындағы ұрғашы егеуқұйрықтарды орналастырады.

  3. Ұрғашы егеуқұйрықтарды орналастырғаннан соң екі топтағы еркек егеуқұйрықтар қанындағы тестостерон мен лютропин динамикасын зерттейді.


Сұрақтар.

  1. Люлиберин рецепторларының антагонистін енгізген кезде тестостерон өндірілуі тежелуінің механизмі қандай?

  2. Тестостерон секрециясының реттелуі қандай?


Есеп 5

Халықаралық бәйгеге сараптау турынан соң стажерлар мен тәжірибесі бар беделді бәйгелерде қатысқан биші жұптар жіберілген. Бәйгеден алдын екі топ бишілерде де адреналиннің деңгейі жоғарылаған, ал стажерлардың кейбіреулерінде 10 есе жоғарылаған.

Сұрақтар.

  1. Нысана ағзаларға адреналин қандай физиологиялық және метаболикалық әсер етеді?

  2. Қанда адреналиннің концентрациясы жоғарылаған кезде глюкозаның мөлшері қанда қалай өзгереді?

Есеп 6



Науқас тұрмыстық жарақат нәтижесінде едәуір қан жоғалтып, ол қанның артериялық қысымының төмендеуімен қабаттасты.

Сұрақтар.

  1. Қан жоғалтудан туындаған артериялық қысымның «Қорғаныстың алғашқы линиясы» ретінде қандай гормондардың әсерін қарастыру мүмкін?

  2. Жарақаттан соң қан массасы көлемінің қалпына келуінде қандай гормондар ықпал жасайды


Есеп 7

Эндокринологтың қабылдауында жас бала бойының өсуінің кідіруіне шағымданған.Тексеруден соң оған бірқатар гормондар мен оның ішінде соматолиберин және соматотропинмен емдеу тағайындалды.

Сұрақтар.

  1. Балада ішкі секреция бездерінің қайсысының функциясы бұзылған?

  2. Неге бой өсуінің кідірісін емдеу үшін екі гормон бірдей тағайындалды?

  3. Осы гормондар әсерінің айырмашылығы неде?


Есеп 8

Н. есімді науқас қабынулық үрдіске байланысты ұзақ уақыт кортизолмен емделген соң дәрігерге ісіну мен дене салмағының азаюына шағымданады. Тексеру кезінде қосымша мәліметтер- қанда глюкоза мөлшерінің артуы мен қан қысымының жоғарылауы анықталды.

Сұрақтар.

  1. Қандай өзгерістер салдарынан бұлшықеттердің салмағы азайды?

  2. Қандай өзгерістер салдарынан гипергликемия дамиды?

  3. Ісінулер дамуының механизмі қандай?


Есеп 9

Тәжірибедегі тұтас жануар-парабионттарда гипофизбен жыныс бездерінің ара-қатынасы зерттелген. Екі жануарды тігу операциясынан соң оларда жалпы қанайналымы орнығады. Сосын егеуқұйрықтардың біреуінің гипофизін алып тастайды, екіншісінің –жыныс бездерін. Піштірілген (кастрация) егеуқұйрықтың гипофизінен көп мөлшерде фоллитропин бөліне бастаған және оның қандағы мөлшері жоғары сақталған.

Сұрақтар.

  1. Піштірілген егеуқұйрықта фоллитропин секрециясы жоғарылауының механизмі қандай?

  2. Неліктен гипофизі алып тасталған егеуқұйрықтың жыныс бездерінде бөлінетін жыныс гормондары піштірілген егеуқұйрықта фоллитропин өндірілуін тежемейді?



Есеп 10

Тәжірибеде жүкті егеуқұйрықтың жүрегі мен жатырының жиырылуын бақылап, жазып алынған.Адреналинді енгізген соң кимограммада бұлшықеттер жиырылу амплитудасының өзгерулері анықталған.

Сұрақтар.

  1. Адреналин миометрий мен миокардта қандай рецепторлармен әрекеттеседі?

  2. Жүрек және жатырдың жиырылу күші қалай өзгереді?

Есеп 11

Ауруханаға жарақат алған науқас келіп түсті. Ірі артерия қан тамырының жарақатынан науқас 1,5л қан жоғалтқан.

Сұрақтары:

  1. Организмдегі қан жоғалтуды компенсациялау үшін қандай қорғаныстық механизмдер іске қосылады?

  2. АҚҚ және су-тұз алмасуын реттеу үшін қандай гормондар бөлінеді?

Есеп 12

Жануардың бауырында және қаңқа бұлшық еттерінде гликогеннің жоғары дәрежеде ыдырауы, гипергликемия анықталды. Бұл құбылыстар қандай гормондардың әсерінен туындауы мүмкін?

Есеп 13

Стресс жағдайындағы процесстер схемасына жетіспейтін звеноны қосыңыз:

Гипоталамус ? гипофиз ?



Бүйрек үсті безі рецепторларының тітіркенуі

глюкокортикоидтар ?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет