«Есеп шығарудың әдістемелік негіздері» пәні бойынша қорытынды емтихан бағдарламасы



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі25,29 Kb.
#158694
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Қорытынды емтихан бағдарламасы Есеп шығарудың әдістемелік негіздері пәні бойынша
НОК, НОК, Алпыспаева.Арна мәдениеттану 10 аепта, L3 Karanov, 2 кÑ Ñ Ñ РаÑ поÑ Ñ Ñ изиÑ еÑ кой подгÑ овленноÑ Ñ и (девÑ Ñ ки), Жолшиева Қарақат-ФилософияСӨЖ3, 1542652072

«Есеп шығарудың әдістемелік негіздері» пәні бойынша қорытынды емтихан бағдарламасы

Кинематика негіздері. Ілгерілемелі қозгалыс. Материалық нүкте. Санақ басы. Жол және орынауыстыру. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Бір қалыпсыз түзу сызықты қозғалыстағы жылдамдық. Бір қалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру. Дененің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысы.


Динамика негіздері. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Дененің массасы. Күш. Бірнеше күштің тең әсерлі күші. Ньютонның екінші заңы. Ньютонның үшінші заңы. Серпінділік күштері. Гравитациялық күштер. Ауырлық күші. Үдеу алып қозғалған дененің салмағы. Асқьін салмақ. Салмақсыздық. Вертикаль бойымен ауырлық кушінің әсерінен болатын қозғалыс. Бастапкы жылдамдық горизонтпен бұрыш жасай бағытталған жакдайдағы ауырлық күшінің әсерінен болатын қозғалыс. Жасанды серіктер мен планеталардың қозғалысы. Тыныштық үйкелісі. Үйкеліс коэффициеті. Сырғанау үйкеліс күші. Ортаның кедергі күші. Үйкеліс күшінің әсерінен болатын қозғалыс. Денелердің бірнеше күштің әсерінен қозғалысы. Горизонталь және вертикаль бағыттағы қозғалыс. Көлбеу жазықтық бойымен қозғалыс. Шеңбер бойымен қозғалыс. Байланыстырылған бірнеше денелердің қозғалысы.
Сақталу заңдары. Дененің импульсі. Импульстің өзгеруі. Импульстің сакталу заңы. Механикалық жұмыс. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы. Ауырлық күші; серпінділік күші; үйкеліс күші әсерінен энергияның түрленуі. Қуат. ПӘК-і. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.
Механикалық тербелістер және толқындар. Тербелмелі қозғалыс. Механикалық толкындар. Дыбыс.
Молекула-кинетикалық теория негіздері. Заттың мөлшері. Авогадро тұрақтысы. Молекулалардың массасы мен өлшемдері. Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясы. Газ қысымының молекулалардың концентрациясына және температурасына тәуелділігі. Газ молекулаларының жылдамдықтары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Беттік керілу. Жұғу. Капиллярлық құбылыстар. Қатты денелердің механикалық қасиеттері.
Термодинамика негіздері. Бір атомды газдың ішкі энергиясы. Жылу жұмысы мен мөлшері. Термодинамиканың бірінші заңы. Адиабаталық процесс. Жылу берілу процесінде денелердің ішкі энергиясының өзгеруі. Жұмыс істелу процесіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Жылу двигательдері.
Электр өрісі. Кулон заңы. Өрістің кернеулігі. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Зарядталған шардың және пластинаның өрісі. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Электр өрісіндегі зарядталған дененің энергиясы. Потенциалдар айырмасы. Кернеулік пен кернеудің арасындағы байланыс. Конденсатордың электр сыйымдылығы. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электр өрісінің энергиясы.
Тұрақты ток заңдары. Өткізгіштерді тізбектеп және параллель коскандағы тізбек бөлігі үшін ом заңы. Токтың жұмысы мен қуаты. Электр қозғаушы күш. Толық тізбекке арналған ом заңы.
Магнит өрісі. Токтың магнит өрісі. Магниттік индукция. Магнит ағыны. Ампер заңы. Лоренц күші. Заттардың магниттік қасиеттері.
Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы, жартылай өткізгіштеп, вакуумдегі электр тогы. Электролиттік ерітінділер мен балқымалардағы электр тогы. Газдағы электр тогы.
Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контурдағы энергияның түрленуі. Гармоникалык тербеліс. Тербелістің меншікті жиілігі мен периоды. Айнымалы ток.
Электромагниттік толқындар. Электромагнитік толқындар және олардың таралу жылдамдыктары. Электромагниттік толқындар энергиясы. Сәуле шығару ағынының тығыздығы. Радиолокация.
Жарық толқындары. Жарык, жылдамдығы. Шағылу және сыну зандары. Толық шағылу. Жарық дисперсиясы. Жарықтың интерференциясы, дифракциясы және поляризациясы.
Салыстырмалылық теория теория элементтері. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Энергия мен массаның өзара байланыс заңы.
Жарық кванттары. Жарықтың әсері. Фотоэлектрлік эффект. Фотон. Комптон эффектісі. Жарықтың қысымы.
Атом және атом ядросы. Атомның ядролық моделі. Атомның жарық шығаруы және жұтуы. Лазер. Зарядталған бөлшектерді тіркеу тәсілдері. Радиоактивтік. Атомдық ядроның құрамы. Атомдық ядролардың байланыс энергиясы. Ядролық реакциялар. Ядролық реакциялардың энергетикалық шығуы. Радиоактивтік сәуле шығарудың биологиялық әсері. Элементар бөлшектер. Электромагниттік сәуле шығару кезінде кванттар мен бөлшектердің өзара түрленуі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет