Командалар жиынының архитектурасын тарату. Командалардың орындалу режимдері. Өтулер. Басқару ағыны. Ерекшеліктері және үзулер. Үзулерді өңдеу. DMA. Архитектураларды тарату.
Процессор архитектурасы және командалар жиыны аппаратура және программалақ қамтамалар арасындағы шекара болып табылады және ол тек компиляторды өңдегіштер және программистке ғана көрінеді, жоғары деңгейде жұмыс жасайтын программистердің көрмеуі мүмкін.
Командалар жиынының архитектурасының екі негізігілері болып CISC (командалар саны көптер) және RISC (командалар саны аздар). RISC- 200, ал CISC 300 астам командалар бар.
CISC (Complete Instruction Set Computer) Intel компаниясымен x86 сериялы компьютерлер жиыны жатады.
CISC-процессорларының сипаттамалары:
Салыстырмалы жалпы міндетті регистрлердің саны аз
Машиналық командалары көп, көп тактілер арқылы орындалады және жоғары деңгейдегі тілдерде қолданылатын операторларға пара пар болып келеді
Адресациялау әдістерінің саны көп (6 - 12 әдіс)
Әртүрлі разрязтылықтағы командалар форматтарының саны көп (бір байт, екі байт, үш байт және т.с.с командалар ұзындығы)
Екі адресті командалар форматын пайдаланады
Регистр-жады түріндегі өңдеу командаларын пайдаланады
RISC-процессорларының сипаттамалары:
Фиксирленген командалар ұзындығы
регистр-регистр архитектурасы
қарапайым адресациялау әдістері (2 - 3 әдіс)
қарапайым (интерпретацияны керек етпейтін) командалар
регистрлік файлдар саны көп
үшоперандты (бұзылмайтын) командалар форматы
RISC-жүйесін негізгі ұсынатын компаниялары: Hewlett-Packard (PA-RISC), Sun Microsystems Computers (SPARC), Digital Equipment (Alpha), Silicon Graphics, IBM және Motorola (PowerPC).