143
Желдеткіш қалақшасын шаңнан тазарту ҥшін спиртке малынып
алынған мақталы таяқшаны қолдануға болады. Егер желдеткіш кӛптен
бері тазартылмаған болса, онда оның ҥстіне шаң кӛп тҧрып қалуы,
тіпті қатқыл қабықша болып қатып қалуы мҥмкін. Сондықтан оны
кетіру ҥшін азғана кҥш салуға да болады.
Қалақшадағы шаңды ҧяшықтан алмай-ақ тазарта аламыз. Бірақ,
желдеткішті майлау ҥшін оны бәрібір алуға тура келеді.
Желдеткіштің ҧяшығының тӛменгі жағында (кейде жоғарғы
жағында), астында қатты механизм тҧратын жабыстырма бар.
Қалақша желдеткіштің ҧяшығында тҧруы ҥшін, оның темір
табанының аяқталған жерінде сақина тәрізді тесік бар.
Оны ҧяшыққа салғаннан кейін, осы тесікке қалақша ҧстап
тҧратын пластикалық, кейде темір шайба кигізіледі.
Шайба қалақшаның тесігіне қатты кіріп тҧратындықтан оны алу
қиынға соғады. Жіңішке тҥйрегіші бар қысқышпен, қалың инемен
тҥйреп, сосын қысқышпен іліп алуға болады. Осыдан кейін
қалақшаны тартып алуға жол ашылады.
Спиртке малынып алынған мақталы таяқшаны алып ҧяшықтың
ішкі бӛлігін сҥрту керек. Қалақша арнайы тесікке орналастырылады
және оны майлау керек. Майлау ҥшін белгілі бір жабысқақтығы бар
арнайы май қолданылады.
Мҧндай май жылуға тӛзімді болып келеді, ол желдеткішті
орнықты ҧстап тҧрады және діріл пайда болуына жол бермейді. Уақыт
ӛте келе, әрине, май ӛзінің қасиетін жоғалтады және тағы да шу пайда
болады, бірақ бҧл әдісті қайталауға болады.
Осылайша, майды қалақшаның белдігіне жағып, оны ӛз орнына
қою керек. Осыдан кейін қалақшада май біркелкі таралу ҥшін бірнеше
рет айналдыру қажет.
Нәтижесінде қалақшаның кигізілген жерінен айнала май шығуы
мҥмкін, оны сҥртіп алу керек. Осыдан кейін тіреуіш шайбаны
орналастырып, жапсырманы жапсырамыз.
Осымен желдеткішті тазалауды аяқтауға болады. Желдеткішті
ӛз орнына орналастырып, қоректенуді қосқаннан кейін компьютерді
қосып, жҧмыс нәтижесін кӛруге болады.
Жҥйелік блоктың әрбір желдеткішін тап осылайша тазартуға
болады немесе жаңадан желдеткіш сатып алып (немесе кулер),
ескісінің орнына орналастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: