Есептің негізгі міндеттері


Белгілі бір сюжетке құрылған есептерді шешу барысында қолданылатын математикалық модельдеу әдісінің элементтері



бет2/2
Дата20.09.2023
өлшемі104,59 Kb.
#181795
түріСабақ
1   2
Байланысты:
МАТЕМ СӨЖ АРУ (копия)

Белгілі бір сюжетке құрылған есептерді шешу барысында қолданылатын математикалық модельдеу әдісінің элементтері:
- берілген терминдерді таңдап алынған математикалық эквиваленттер мен (баламалармен) алмастыру;
- сандық мәндер жетіспеген кезде есепте берілген ақпаратты бағалау;
- есептің мағынасына сәйкес сан мәндерін таңдау;
- есептегі шамалардың сан мәндерінің практика жүзінде шын мәнінде бар болуының жағдайларын айқындау.
    • 1) Оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
    • 2) Оқушыларды есепті шешу жолын біртіндеп түсіндіруді және есепті шығарып отырып шешу жолын талдауға үйрету.
    • 3) Оқушылардың кеңістіктегі көзқарастарын дамыту.
    • 4) Кейбір есептерді шешудің әдіс тәсілдерін көрсетіп, оқушыларға сол әдіс тәсілдерді қолдануға үйрету.
    • 5) Айналасындағы геометриялық фигураларды бақылауды қамтамасыз ету, әр түрлі сурет салу құралдарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
    • 6) Математикалық дүниетанымның, ойлау мен математикалық сөйлеудің, зейін мен есте сақтаудың, түйсік пен қиялдың дамуына ықпал ету.

Мұғалім оқушылар практикалық мазмұнды есептерді математикалық моделдеу арқылы шығаруларын қалыптастыру үшін төмендегідей педагогикалық жағдайлар жасауы қажет:
Математикалық модель құру алгоритмін мәтіндік есептер шығару арқылы түсіндіруге болады. Мысалдар қарастырайық .
Мысал. 4 банка қара өрік тосабы және одан 2 есе артық қауын тосабы 3 литрлік банкаларға құйылған. Қауын тосабы неше литр?
Бұл есепті дәстүрлі түрде қарастыру, төмендегі моделді құруға көмектеседі:
Қара өрік тосабы – ? л, әрқайсысына 3 л 4 бан.
Қауын тосабы – ? л, 2 есе артық Б.
Есепті шығару тәсіліне келсек:
1) 3× 4=12 (л) – қара өрік тосабы
2) 12 × 2 = 24 (л)
Есепті екінші тәсілмен шығара отырып, тексеруді жүргізейік. Әдістемелік тәсілді қолданып, есепті талдайық:
-Қандай тосаптар қайнатылған? (Қара өрік және қауын )
-Қара өрік тосабы туралы не білеміз? (Үш литрліктен 4 банка)
- Қауын тосабы туралы не білесің? (Екі есе артық қайнатылған)
- Қауын тосабын сондай үш литрлік банкаларға құяйық. Біз қара өрік тосабы 2 есе көп екендігін білеміз, сондықтан сендер қанша банка қажет деп ойлайсыңдар? (Сол банкалардан 2 есе артық).
Есептің басқа моделін құру арқылы деп аталатын келесі тағы бір әдістемелік тәсілді қарастырайық.
Есебімізді схемалық сурет түрінде кескіндеп көрсетейік. Бірінші қатарға неше банка қара өрік тосабы болса, сонша шаршылар салайық. Екінші қатарға сондай шаршылар саламыз, бірақ шаршылар санын 2есе артық болады. Әр шаршыға 3 санын жазамыз, яғни банкаға сонша тосап сияды дегенді білдіреді.
Нәтижесінен төмендегі моделді аламыз:
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
3
  • Схемадан есепті шығару жоспарын көрсет. Оқушылар екі-екіден жұптаса отырып,

  • Есептің схемасын құрады және сол арқылы
    есепті шығару жоспарын құрып, орындайды.
    1) 4 × 2 = 8 (бан.) – қауын тосабы
    2) 3× 8= 24 (л)
    Екі түрлі тәсілмен шығарылған есептердің
    жауаптарын салыстыра отырып, екеуінің де
    жауабы бірдей екендігіне көз жеткіземіз.
    Ендеше есеп дұрыс шығарылған деп қорытынды шығарамыз.
    Жауабы: 24 литр қауын тосабы.

Сонымен мәтіндік есептерді математикалық модельдеу әдісін қолдана отырып шешу үшін төмендегі іс-әрекет жүзеге асырылады:
1) есеп шартындағы негізгі қатынасты айқындау үшін есеп шартын түрлендіру;
2) бөлініп алынған қатынасты заттық, графиктік немесе әріптік формада жазу (математикалық моделін жазу);
3) қатынастың қасиеттерін зерттеу үшін модельдерді түрлендіру;
4) ортақ әдіспен шешілетін жеке есептер жүйесін құру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет