МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚАТЫГЕЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІ
Денсаулық сақтау саласындағы құзіретті орган
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;
Жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
Наркологиялық, психологиялық, психиатриялық, емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады.