Көңіл-күйге әсері. Сау адамға көрсеткішсіз енгізгенде дистрофия туындайды, көңілі түсіп, өзін нашар сезінеді. Қайта енгізген жағдайда, тағайындауға көрсеткіштер болған жағдайда науқастарда эйфория шақырады: көңілі көтеріліп, өзін жақсы сезінеді. Осындай жағдайдың болуын қалап тұру, тәуелділікті дамытады.
Гипоталамус қызметіне. Дене қызуын реттейтін орталықты тежейді. Морфинді көп енгізгенде дене температурасы төмендейді. Антидиуретикалық гормонның бөлінуін қоздырады –зәрдің бөлінуін тежейді, соматотропин мен пролактиннің белсенділігін арттырады - тәбетті төмендетеді.