Әскери патриоттық журналы астана – 2015 Алғы сөз! Ұлан Бекетаев Мирас Наурызбайұлы Республикалық



бет3/4
Дата29.01.2018
өлшемі1,26 Mb.
#35782
1   2   3   4

МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ




Мақала атауы

Жауапты

бет



Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы - өмірінен

Кеңес мүшелері:

Елюбаев Е.О.



Болатов М.А.


4-5



«Өзге елде сұлтан болғанша...»




6



Болашақ мамандығымыз...

Журналист Ұлан Бадилов Р.

7-8



Батырдан қалған өсиет




9-10



Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы - өмірінен






Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы 1924 жылдың 25 мамырында Ақмола облысының Еңбек ауылында (қазір Ақмола облысы Ақкөл ауданы) дүниеге келді.

1943 жылы сәуірде Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберіледі. Солтүстік Кавказ, Украин және Беларусь майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті.

1945 жылы 27 ақпанда Польша аумағында жаудың мықтап бекінген қорғанысын бұзуға жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны, ерлік пен батылдық көрсеткені үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
1946 жылдан 1949 жылдың қарашасына дейін М. И. Фрунзе атындағы Әскери академияда білім алды. Оны бітіргеннен кейін Түркістан әскери округі штабында қызмет атқарды.
1954-58 ж. мотоатқыштар полкінің командирі, 1958-61 ж. мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы, 1962-69 ж. Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы.
1989 жылы Орта Азия әскери округін таратылғаннан кейін Қазақ республикалық соғыс ардагерлері кеңесінің және қарулы күштер ардагерлерінің төрағасы болды.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылдың мамырында ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
1994 жылы 23 мамырда ҚР Президенті Жарлығымен "Халық Қаһарманы" атағымен марапатталды.
1995 жылдың қараша айында армия генералы атағымен отставкаға шықты.
Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2- дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, "Құрмет белгісі", Октябрь революциясы, "Отан" ордендерімен, медальдармен, шетелдердің орден, медальдарымен марапатталған.
1971-1994 жылдары бірнеше мәрте Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды.
Жарыққа шыққан кітаптары: «Лицом к огню», «Мой передний край», «А в памяти нет тишины».
1999 жылы Астанадағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі С. Нұрмағамбетовтың атымен аталды.




«Өзге елде сұлтан болғанша...»

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Талғат атамыз Әскери әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы  бөлімдер мен құрамалар командирі, штаб бастығы мәртебесін айғақтайтын диплом алып шықты.  Әскери қызметте реактивті ұшақтарды  игерумен шұғылданды. Кезекті сынақта  апатқа ұшырап,  алты ай бойы төсекке таңылып, ажалмен арпалысқан жағдайы бар.

Дегенмен оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралып, бейбіт күнде  біреудің қолына қарап қалатын қазақ Талғат Жақыпбекұлы емес.  Бейбіт өмірде де өз орнын еншілеуге  талаптанды. Бұл әрекеті де  нәтижесіз қалған жоқ. Өскен, үлкен өмірге алғашқы қадам жасаған Фрунзеден өзіне лайықты жұмыс таба алмай, көңілінің біраз құлазығаны да бар. Осы кезде өз атамекені – Қазақстанға қарай бет түзеу керек екенін түсініп, отбасымен ақылдаса келе, Алматыға қоныс аударды. Кеңес Одағы Азаматтық авиация бас басқармасына жазған хаты жауапсыз қалмады. 1956 жылы Қазақстанның  Азаматтық авиация бас басқармасы бастығының орынбасары қызметіне кірісті. Елдің сенімі, өзіне жүктелген міндеттің жауапкершілігі үлкен екенін ол  жан-жүрегімен сезінді. Бұл елімізде азаматтық авиацияның соншалықты дами қоймаған кезі. Істеймін деген адамға қыруар шаруа тұр. Тіпті республика басшылары Мәскеуге  бару үшін  алдымен Ташкентке ұшып барып, сосын ғана Мәскеуге жол тартатын. Қайтарда тағы солай. Мұның басты себебі Алматыда ИЛ – 18 ұшағы ұшып-қонатын  асфальтты-бетонды берік алаң жоқ болатын. Республика басшыларына, Жұмабек Тәшеновке мән-жайды баяндап, тиісті ұсыныспен шықты.  Көп ұзамай, Үкімет республикада азаматтық авиацияны өркендетудің жоспарын әзірледі. Алматыдан Мәскеуге тікелей әуе жолын тартуға батыр атамыз басты дәнекер болды. Осы бастамадан кейін еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалаларында  аэродромдар мен ұшып-қонатын жолтабандар салу қолға алынды.  Жаңа мамандықты жете меңгеру үшін Мәскеудің инженерлік-құрылыс институтын сырттай оқып алды. Алматыдан соң Балқаш, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда сол заманның талабына толығымен жауап бере алатындай  ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Лисаков кен байыту комбинатын, Жамбыл суперфосфат комбинатын, Алматыдағы Республика сарайы, республикалық кітапхана, цирк ғимаратында  Талғат атамыздың  қолтаңбасы бар.



Елдегі сәулет-құрылыс саласында  жасаған еңбегі де еленіп, мемлекет тарапынан түрлі марапаттарға  лайық деп танылып, қошемет көрсетілді. «Отан», І дәрежелі Даңқ ордендері – соның айғағы. 1945 жылы 24 маусымда Жеңіс шеруіне қатысып,  елге оралған соң да  қыруар іс тындырған Талғат атамыздың  өмірі мен ерлік істері  әлі талай ұрпаққа  аңыз болып тарары ақиқат. Талғат Жақыпбекұлы – «Илы атакуют», «305 рейдов», «Сражение в воздухе», «Пике в бессмертие» сынды кітаптардың авторы. Ол табиғат аясында болып, омарташылықпен айналысқанды ұнатады.












Ұлан Бадилов

Журналист





Талабы мен талғамы жоғары әскери маман болу –   әрбір мектеп бітіруші түлектің арманы. Бүгінгі күні біздің елімізде әскери маман болу мен мамандық таңдауда мол мүмкіндіктер қарастырылған. Еліміздің қорғанысын қамтамасыз ететін бұл сала жылдан-жылға толымды жаңалықтарға толы. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, білімді кез-келген азамат еліміздегі түрлі дәрежедегі әскери оқу орындарында тегін оқи алады. Осы орайда 5 оқу ротасының ұланы Қолғанат Райымбектен сұхбат алынды.

-Болашақта кім боласың?



-«Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп Еліміздің ата заңында айтылғандай, өз Отанымның адал әскери адам боламын




-



Батырдан қалған өсиет

Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.

Бұл іспен Әсем Садықова мектепте жүрген кезінен айналысқан екен десек, бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің үшінші курс студенті жинақтаған Баукеңнің қанатты сөздерінің басы әжептеуір құралып қалыпты. Өзінің айтуынша, жас зерттеуші бұл сөздерді батыр атасының қолына түскен шығармаларынан түзген. Біраз кітаптары, түрлі баспасөзде жарияланған шығармалары оған жетпегені де анық. Батырдың туғанына жүз жыл толуына орай оның 30 томдық шығармалар жинағы шығатынын естіген Әсем бұл ісін одан әрі жалғастыратынын айтады. Әзірге жас зерттеуші жинаған Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Ерлік – тәрбие жемісі.

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Солдаттың анасы – Отанның анасы.

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.

Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету – қасиетсіздік.

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.



Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені.

Қатал соғыстағы адамдар – шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері – ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған.

Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейнебір таным айнасы болды.

Сақтық жасай отырып, батыл түрде қимылдау – батырдың басты қасиеті.

Соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.

Тек әділдіктің күшінің арқасында ғана әділ жандардың әділеттілігі өмірден орын алады.

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

Қызғаныштың үш түрі бар: жеке бастың қызғаншы, ұлттық қызғаныш сезімі және Отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі.

Ұрыс идеалы дегеніміз – бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

Ұрыс өнері дегеніміз – бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

Қаны тамып тұрған шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиын.

Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.

Жалғандық оқтың астында шыдас бермейді.

Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.

Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады.



«Жас сарбаз» Жас ұландарға әскери патриоттық журналы №1 Астана-2015ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет