Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?


 АРГУМЕНТТІ ЭССЕГЕ НЕ ЖАТАДЫ?



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата16.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Эссені неден бастау керек

2. АРГУМЕНТТІ ЭССЕГЕ НЕ ЖАТАДЫ?
Дәлелдеу - белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты 
шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер 
жиынтығы. Ол сенім - наныммен байланысты, бірақ онымен тең емес: 
аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық - тарихи тәжірибеге 
сүйенеді. Сенім - жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, 
аргумент, қорытынды.
Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай. Аргументтер - тезистің анық шын 
екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория. Қорытынды - фактілерді 
талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым - біздің сенімімізге, 
нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.
Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді: 
1. Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер - тенденцияны 
анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген 
жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде 
қолданылады.
3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу 
аргументі ретінде қолданылады.
Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың 
өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары 
тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін. Тура аргументте 
тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады. Мысалы, біз сабаққа 
баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.
Индукция, дедукция, аналогия, себеп - салдар байланыстары арқылы тура 
дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.
Эссенің көптеген түрлерінің ішінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет