Менің ойымша, адам баласы жан-жағына мейіріммен қараса басқа адамдармен тез-тіл табысып кетеді. Мен ең бірінші мейірім сыйлауды отбасымнан бастаймын. Отбасымдағы адамдарға бар мейірімді көрсетіп қолғабыс етемін, отбасымдағы үлкен кісілерді сыйлаймын, айтқандарын тыңдаймын. Ал кішентай бауырларыма қамқор болып, жақсылық жасауға үйретемін. Міне, осыны мен отбасыма мейірім сыйлау деп ойлаймын. Одан кейін, достарыма, сыныптастарыма мейірімді болуға тырысамын. Оларға қолымнан келгенше көмектесуге дайынмын. Мен тек өз отбасым мен достарыма ғана емес, басқа да адмдарға көмектескенді жақсы көремін. Әсіресе көмекке мұқтаж адамдарға әкем екеуміз бір жылда бір рет азық-түлік пен керек заттарды апарып береміз. Тіпті кейде олай жасай алмасақ, үй шаруаларына көмектесеміз. Әкем әрдайым мені басқаларға көмектесуге, қамқор болуға, мейірімді болуға үйретеді, тәрбиелейді. Егер де мен өзім мейірімді, жақсы адам болсам, менің де жанымдағы адамдар, мен жақсылық жасаған адамдар да маған мейірімділікпен қарайды деп ойлаймын. Мысалы, менің достарым, сыныптастарым да әрдайым жан-жағына мейірім сыйлап жүреді. Мен достарымды мақтан етемін. Тіптен, көшеде жүрге жан-жануарларға мейірімділік көрсету керек. Мысалы, иесіз жүрген иттер мен мысықтарға тамақ беріп, оларды арнайы бағатын жерге өткізу керек. Кейбір адамдар жан-жануарларды аяусыз ұрып қуып жібереді. Бұл мейірімсіз адамдардың дұрыс емес әрекеті. Өсімдіктер мен гүлдерді де ерекше мейіріммен өсірсең, жайқалып әдемі болып өседі. Мейірімділік адамның жоғарғы адамгершілігі, қайырымдылығы, адалдық пен пәк жүректің кең пейілділігі деп түсінемін. Әр жақсы адамда мейірімділік болады. Ал тек өзін ғана ойлайтын, басқаларға зиянын тигізіп жүретін адамдарды «мейірімсіз» адам деп айтуға болады. Барлығымыз жан-жағымызға мейірімділік сыйлап жүрсек, барлық әлемде мейірімділік болады деген ойдамын.