«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
47
А мәтіні: ғаламтордан алынған
Табиғат ресурстарын классификациялау
Табиғат ресурстары классификациясының əр түрі бар, бірақ кез келген
классификация табиғатты тиімді пайдалану қажеттілігін мойындай отырып
құрылуы қажет. Экологиялық, табиғатты қорғау тұрғысынан табиғат
ресурстарын таусылмайтын жəне таусылатын деп бөлу қабылданған.
Таусылатын табиғат ресурстары орны толатын жəне орны толмайтын болып
бөлінеді. Орны толатындарға жататындар: жануарлар əлемі, өсімдіктер əлемі,
топырақ құнарлығы. Бұл жағдайда «орны толатын» деген сөз бізді жұбатпауы
керек, топырақтың жыртылу қабатының 18 см-ге жуығы тек 7 мың жылдан
кейін қолайлы жағдайда ғана қалпына келетіні есте болса жеткілікті.
Өсімдіктер мен жануарлардың көп түрінің жоғалуы апат қаупін
туындатады.Өндіру жəне қорғау тұрғысынан, кейбір ресурстардың жеке
түрлері, шығындану нəтижесінде таяуда орны толмастар қатарына кіруі мүмкін.
Бүгінде табиғи ресурстарды жасанды өндіріс құралдарымен ауыстыру
мүмкіндігі, табиғат қорын жасандымен алмастыру негізгі мəселе болып
табылады.
Ғылыми-техникалық
прогрестің
жетістіктерін
таусылған
ресурстардың орнына қолдана отырып, қандай дəрежеге дейін табиғат
ресурстарын жұтаңдата береміз? Мұндай ауыстырылу мүмкіндіктері шексіз
емес, экологиялық жүйелердің бірқатар функцияларын тіпті де ауыстыру
мүмкін емес. Осыған байланысты табиғат қапиталының (қорының) аумалы
(критический) тұжырымдамасы туындады. Бұл адам өмірі үшін қажет
құндылық, оны жасандымен ауыстыру мүмкін емес, олар: ландшафтар,
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері, озон қабаты,
климаттың параметрлері жəне т.б. Қоршаған ортаның қасиеттері мен
эстетикалық сапасы да ауыстыруға келмейді. Экономикалық дамудың кез
келген нұсқасында аумалы табиғи капиталды сақтау қажет.Табиғат
капиталының басқа бөлігі жасандымен ауыстырылуына болады. Бұл орны
толатын табиғат ресурстарына (мұнайды, газды, көмірді Күн энергиясымен
алмастыру жəне т.б.) қатысты. (225 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: