Эссе тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы»



Дата09.04.2022
өлшемі65,81 Kb.
#138540
Байланысты:
Эссе Қ.Тарихы
Әдебиет сессия

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультеті: «Филология және көптілді білім беру»


Кафедрасы: «Шет тілі: Екі шет тілі»
Пән:Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Топ: 116-ССО


ЭССЕ


Тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы»
Орындаған:Зарлықбаева У.А
Тексерген:Дүйсенбайқызы А.

Алматы 2021-2022 оқу жыл


Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады.


Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.
Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негзгі фактор Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді.Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Өзіндік қызықты тарихы бар. Бұл – халқымыздың, Республикамыздың тарихы. Оның тарихын, мән-мағынасын түсіну, құрметтеу адамгершілігіміз бен мәдениетіміздің айғағы болмақ .
Әрбір мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынқастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн»-дейді
Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткен, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы,Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.Тудың жобасын   жасаған Шәкен Ниязбеков.Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы  және Шота УәлихановРеспубликамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған. 
Бүгінгі таңда елімізде 130ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбие-леу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда.Адамдар арасындағы достық қарым-қатынас,әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады. Мемлекеттік рәміздержас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады.Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекет-тік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет. 
Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын,Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухын-да тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу.
Зеңгір көк түсбіздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді.Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық халықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі бол-ған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекет-тің тұтастығын білдіреді. 
Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық оюөрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады. 
Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді. 
Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзінөзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді. 
Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркени-етінің биіктеріне ұмтылуы. 
Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық оюөрнек халқымыздың ішкі   дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының оюөрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5бабына сай ҚР-ның Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекеме-лер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі. 
Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады. 
Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ.   Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары,одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөл-шегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тір-шілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге уықтай кірігіп, күш -жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.
Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. 
Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық,әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек. 
Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр. 
Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді танытар белгі екені анық.
Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі.
Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады.Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 
Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді,Отанға деген сүйіспеншілік-ті,жоғары адамгершілікті,мәдениеттілікті,өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар,кездесулер,сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың,спорт жеңімпаздарымен,белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп,олардың Республикамыздың Туына,Елтаңбаға,Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет