Этникалық бірегейлік ұлттық сана-сезімді дамытудың негізі



бет4/5
Дата11.05.2020
өлшемі101,17 Kb.
#67166
1   2   3   4   5
Байланысты:
Этникалық бірегейлік ұлттық сана-сезімді дамытудың негізі

«Ұлт дегеніміз — көпфункционалды, тұтас, жартылай жабық əлеуметтік-мəдени топ, жəне ол өзінің өмір сүріп жатқанын, бірлігін сезінеді. Бұл топ келесі индивидтерден тұрады. Олар: 1) бір мемлекеттің азаматтары; 2) тілдері ортақ немесе ұқсас жəне осы индивидтер жəне олардың алдында өмір сүргендердің ортақ тарихынан туындаған ортақ мəдени жинақ; 3) өздері жəне ата-бабасы тұрған ортақ территория. Сонымен бірге ұлт дегеніміз — мемлекеттен, этникалық (тілдік) жəне таза территориялық топтардан өзгеше əлеуметтік жүйе». Жалпы айтқанда, П. Сорокин «ұлт» ұғымын этноспен де, мемлекетпен де байланыстырмай жəне этностан да, мемлекеттен де өзгеше жүйе ретінде дəлелдейді. Басқа жағынан алғанда, ұлттың пайда болуы мен өмір сүруінде маңызды рөлді əлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі де атқарған. Сондықтан біз тағы да бір тұжырымдаманы, яғни Ренанды, қарастырсақ. Хосе Ортега-и-Гассет атаған «Ренан формуласы»: «өткендегі ортақ абырой, қазіргі таңдағы ортақ ерік; жасаған ұлы ерлік істер туралы еске алу жəне болашаққа дайындық — міне ұлттың қалыптасуы үшін қажет жағдайлар... Артта — атақ-даңқ пен өкініш-мұң мұрасы, алдыда — іс-əрекеттің ортақ бағдарламасы... Ұлт өмірі — күнделікті плебисцит» [4]. Ұлттық бірегейлік мəнін көбіне ұлтты керемет əлеуметтік-этникалық қауымдастық жəне тарихтың толық субъектісі ретінде түсіндіруге байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет