ДИСКРИМИНАЦИЯНЫҢ
АРТУЫ
Нәсілдік және этностық теңсіздікті құрайтын - бұрмаланған пікір, дискриминация, сегрегация
және заңдастырылған нәсілшілдік. Бұл теңсіздік жүйесі әлеуметтік таптар арасындағы теңсіздік
себебінен одан сайын өршиді. Мұны кесте арқылы тусінуге болады. Кестеде көрсетілгендей,
әртүрлі нәсілдік-этностық топтардың өзара теңсіздік көрсеткіштері бір-біріне жақын: әр үш топта
да бай отбасылардың 20%-ы табыстың тең жартысына ие. Екінші жағынан, үш топты салыс-
тырсақ, латын және афроамерикалық отбасыларға қарағанда, ақ нәсілді америкалықтардың
орташа табысы 1,5 есе көп екенін байқаймыз.
Егер табысқа емес, байлық мөлшеріне қарасақ, ондағы айырмашы- лық тіптен алшақ. Кестеде
көрсетілгендей, ақ нәсілді америкалық отбасылардың орташа меншік капиталы $113,149 құраған.
Бүл көрсет- кіш латынамерикалық отбасылардың табысынан 18 есе, ал афроамерикалық
отбасыларынан 20 есе жоғары. Этностық топтар арасындағы табыс теңсіздігі әрқашан жоғары
болған, бұл көрсеткіш 2008 жылы басталған экономикалық құлдырау кезінде одан сайын артты.
АҚШ-та нәсілдік және этностық теңсіздіктің жалғасу себебі - табыстағы нәсіла- ралық
айырмашылығында емес, байлықтагы нәсілдік және этностық айырмашылықта.
СЕГРЕГАЦИЯ
Қоғамдық теңсіздікті сақтау мақсатында, билік басындағылар қол- данатын стратегия - сегрегация деп аталады.
Бұл күш немесе қысым көрсету арқылы азшылық топты көпшіліктен айыру, оқшаулау.
Нәсілдік және этностық топтардың арасы қатаң жіктелетін бар көптеген қоғамда азшылық топтар әртүрлі
қысымдарға үшырайды. Олар заңды түрде немесе дәстүрлі түрде геттолар, қытай орамдары, сол сияқты тағы
басқа аудандарда өмір сүруге мәжбүр. Егер олар басқа жерге көшуді жоспарласа пәтер иелері пәтерді жалға
беруден бас тартады. Оған қоса жылжымайтын мүлік агенттіктері олардың телефон қоңыраулары мен
хабарламаларына мән бермейді. Ал басқа орынға көшіп-қонуы сәтті өткен күнде де жаңа көршілері үйлерінің
қабырға- сына нәсілдік кемсіту сөздер жазып, жағымсыз суреттер салуы мүмкін. Тіпті оларға қарсы небір
жауыздықтар жасалуы таңғаларлық емес.
Тұрғын үйге қатысты дискриминациялау (азшылық топтарға пәтерді жалға бермеу немесе олар шалған
қоңырауды елемеу) 1960 жылы заңсыз деп жарияланды. Алайда сегрегация басты екі себепке байла- нысты әлі
де орын алып огыр. Бұл себептер - нәсілдік/этностық және ұлттық топтардың экономикалық айырмашылықтары
мен сол топ- тарға деген теріс көзқарас (Icelond &Wilkes 2000).
2007 жылы Қүрама Штаттарда қоғамды ойран қылған оқиға - сатып алу құқығынан айыру орын алды, бүл афроамерикалықтар
мен латынаме- рикалықтарға қатты соққы болып тиді. 1990 жылдың басында ипотека беруден бас тартатын банкирлер оларға
үсті-үстіне көбейтіп, ипотека- лык; несие алуды оцайлатты. Бірақ мүндай несиелерге әдепкі ақ нәсіл- ді арызданушыға
берілгендей ұзақ мерзімді салымдар мен пайыздық мөлшерлемелер қосылды. Сонымен қоса банкирлер азаматтарға, әсіресе
афроамерикалықтар мен латынамерикалықтарға ақ нәсілді амери- калықтармен бірдей ипотекалардың субстандартты
мүмкіндіктерін берудің дұрыс екенін дәлелдеді. Банкирлер жобаланған үйдің иесі тұрақты түрде төлем жасауға мүмкіндігі
болмай үйінен айырылып қа- луы ықтимал болғанда ғана несие субстандартты түрде берілуі керек деп есептеді (банкирлер
мұндай үлкен көлемде қарыз беруге қуана келіседі). Себебі пайданың басым бөлігін жоғары салымдар мен ипотекалык;
пакеттерді сатудан тауып жатты. Соңында азшылық топ өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа шоттарды
төлеуге қар- жы қажетсінгенде қарыз берушілер оларға тек қана ерекше жоғары са лымдар мен пайыздық мөлшердегі «азулы
несиелерді» ұсынды.
Сегрегация құбылысы осы факторлар әсерінен еселепмолайды. Іргелі мүлік агенттіктері мен банкирлер оқшауланған
аудандарда тұратын, жұмыссыз қалу мүмкіндігі көп афро-латынамерикалықтарға үйлер мен ипотекалық несие ұсынуды
жалғастыра берді. Экономика дағдарысы тереңдеген сайын халықтың жағдайы ауырлай түсті: пайыздық өсімі еселеп көбейген
қарызды төлеу қиындап кетті. Сегрегацияға қоса енді жоғары субстандартты ипотекалар мен қанаушы несие- лердің
пайыздық мөлшерлемелері басқа жерлерден гөрі осы аудандарда түргынжай сатып алу қымбаттауына әкеп соқтырды. Бұл үй
алушылар- ды күннен-күнге дағдарысқа тірей берді. Пайызды уақытында төлей алмаған үй иелері үйді иемдену құқығынан
айырылды, жергілікті бизнес тұтынушыларын жоғалтып тақырға отырды. Қалғандардың арасында жұмыстан айырылу
бұрынғыдан да жиіледі.
|