Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


Б.Қаратаевтың бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері ретінде қазақ қоғамында атқарған істеріне баға беріңіз



бет80/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

83.Б.Қаратаевтың бірінші қазақ заңгері және қоғам қайраткері ретінде қазақ қоғамында атқарған істеріне баға беріңіз.

Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алдына қойған мақсаттарының бірі- жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Осы кезеңде қазақ мүддесі үшін күрес жүргізген нар тұлғалы тұлғалардың бірі, II Мемлекеттік Думаның депутаты – Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев болды.

XX ғасырдың басындағы журналист, заңгер Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі, “Айқап” журналы мен “Қазақстан” “Орал” газеттерінің беттерінде жарияланған қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесіне қатысты көзқарасы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Жеке тұлғалар тарихы ешқашан халқынан бөлінген емес, керісінше ұлтымыздың әйгілі қайраткерлерін тану арқылы тұтастай еліміздің тарихы жазылады.Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасына ғасыр басында қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешуге тырысқан Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу ғылыми зерттеу обьектісі болуға лайықты, тарих ғылымындағы өзекті мәселердің бірі болып табылады.

Ұлттық интеллигенция тарихы мен қызметі 20-40 жылдары сол заман ағымымен зерттелгені белгілі. Қазақ интеллигенциясының саяси қызметін шынайы түрде көрсетуге тырысқан ғалымдар Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтар үкімет тарапынан қудалануға түсті. Т.Рысқұлов қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасуына зор көңіл бөліп, олардың саяси қызметін саралап көрсетуге ұмтылса, ал С.Асфендияров қазақ интеллигенциясының пайда болуын XIX ғасырдың аяғына жатқызып, олардың іс- әрекеттерін дәйекті түрде көрсетуге тырысты. [4.] Кеңестік кезеңдегі әміршіл-әкәімшіл жүйенің салдарынан көптеген зерттеушілер Бақытжан Қаратаевты бай- феодалдар мүддесінің қорғаушысы ретінде танып, таптық көзқарастың шырмауына маталған пікірден алшақ кете алмады. Ғылыми тұрғыда әділетті баға беруге цензорлық тосқауылдар қойылды. Мысалы, танымал, ірі тарихшымыз Е.Бекмахановтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың есімі тікелей аталмаса да , II Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының бәрі “Ұлтшыл көзқарастағы қазақ зиялыларының өкілдері және бай феодалдардың мүддесін қорғаудағылар”-деп бағаланған еді.

84 сұрақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет