Шетелдегі қaзaқ диacпорacының тaрихы мен тaғдыры. Дүниежүзілік қaзaқтaрдың құрылтaйлaрын caрaптaңыз
Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жаттыр.Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып,өзге халықпен бірге тұруы болып табылады. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы XIX-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды.Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты.Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да,шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді.Міне,мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған,дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғанан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды.Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағынан тастап Қытайға көшіп кетті.Бұл тек шетелге кеткен қазақтардың бір бөлігі ғана. Батыс Еуропаның әртүрлі елдеріне қоныстанып, тұрған жерлеріндегі тұрмысқа бейімделе бастаған сол қазақтар біраз уақыттан соң өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мәдениеттерін және салт-дәстүрлерін сақтап, оларды келешек ұрпақтарға жеткізудің қамына кіріскен. Осы мақсатқа орай олар қоғамдық ұйымдар құрып, солардың айналасынa топтаса бастаған. 1980 жылдардың басында тұңғыш рет Германияда құрылған қазақ мәдениет қоғамдарының қатарына басқа Еуропа елдерінде құрылған қазақ қоғамдары да қосылған. Осы қазақ орталықтары өзара байланыстарын, жұмыстарын белгілі бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатына орай «Үйлестіру кеңестері» ұйымдастырылып, сол арқылы бәрінің басын қосатын бір шаңырақ ұйым құруды қолға алған. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, Еуропадағы 10 қазақ қоғамы 2009 жылы ресми түрде «Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясын» құрған. Ал, Еуропадағы Қазақтардың ұлттық салт-дәстүрлерді қаншалықты сақтағандығына келер болсақ, жағдай жаман емес. Тіпті, оны күтілмеген деңгейде жақсы деуге де болады. Құда түсу, қыз ұзату, үйлену тойлары, шілдехана, бесік той, тұсау кесу рәсімдері, азан шақырып, балаға ат қою дәстүрлері, баланы сүндетке отырғызу салты, қайтыс болған кісіге жетісін, қырқын беру, жыл айналғанда асын өткізу, ораза айында Құран-хатым түсіру сияқты жоралғылар, салт-дәстүрлер азды-көпті өзгешеліктерімен бұрынғысынша орындалып келеді. Мұнда әрине, қазір қатары сиреп бара жатқан елден келген аға буынның ықпалы үлкен болған.
Осыдан 28 жыл бұрын Алматы қаласында Елбасы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен әлем қазақтарының басын қосқан 1-ші Дүниежүзілік құрылтайы өткен болатын. Құрылтайға сонау Скандинав түбегі елдері, кәрі құрлық Еуропаның біраз мемлекеттері, Түркия, Моңғолия, Қытай, Ресей елдерінен қандастарымыз келді. Содан бері елімізде жаһан қазақтарының қатысуымен 5 реткі құрылтай болып өтті. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Тарихқа сәл шегініс жасап, 1992 жылғы құрылтайға оралсақ. Алғашқы алқалы жиында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын бекіту, басшылық органдарын сайлау мәселелері талқыланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының алғашқы төрағасы болып, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.Құрылтай кезінде шеттен келген қандастарымыз Қазақстанның киелі де көрікті жерлерін аралады. Олар екінші Мекке атанған — Түркістан қаласында болды. Жезқазған, Ұлытау секілді киелі жерлерге табандарын тіреп, ата-баба рухына тағзым етіп қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |