Нақты оқу жағдайы – студенттен оның алдына қойылған нақты психологиялық жағдайды шешу жолдарын табуды талап етеді.
Кейс құру. Шытырман жағдайларды, немесе проблемалық жағдайды талдау әдісі негізінде құрылады. Студенттерге таңғажайып, өмірде сирек кездесетін жағдайлар ұсынылады. Ұсынылған мәселенің дұрыс жауабы жоқ, шешу жолдары көпвариантты болуы мүмкін. Кейс тапсырмалары проблема ретінде немесе бірнеше жауап ұсынылған тапсырмалар ретінде болуы мүмкін.
Мәселер құру және шешу. Әр студентке жеке тапсырма беріледі. Оны студент жазба түрде шешуі керек. Студентке лекция тақырыбы бойынша мәселер құру тапсырылады. Мәселенің мәтініме оны шешу жолдары және жауабы тіркеледі. Мәселелер крассворд немесе ребус ретінде құрылуы мүмкін.
Барлық тапсырмалар анықталған мерзімде орындалып тапсырылуы керек. Егер тапсырма кешігіп орындалса бағасы төмендетіледі (әр кешіккен күнге 0,5 баллға төмендетіледі).