«Этностың ақпараттық концепциясы» конспекті жазу



Дата07.02.2022
өлшемі19,98 Kb.
#90194
түріКонспект
Байланысты:
ОБӨЖ 3


«Этностың ақпараттық концепциясы» конспекті жазу


«Этнос» (ethnos) термині байырғы грек тілінде сөз орайына байланысты, «үйір», «топ», «тайпа», «халық» мағынасында қолданылып, XVIII- ғасырдан бергі кезеңінен термин ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы кезде ғалымзерттеушілер «этнос» сөзін «тайпа», «ұлт» тіптен нәсіл мағынасында қолданды. Әсіресе этникалық деп келетін туынды сөздің мән-мағынасы XIX – ғасырдың соңына дейінгі ғылыми еңбектерде бір ізге түсе қойған жоқ. Мәселен, ғылыми-зерттеу еңбектердің бірінде адамзат тарихының дамуындағы алғашқы кезеңді Л.С. Морган білдірсе, келесісінде тарихи – мәдени шет аймақты А. Бастиан меңзеді. Шындығында, әрбір адам, бір жағынан, белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) да мүшесі болып саналады. Адам баласының әлеуметтік дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал этнос тарихы жөніндегі зерттеулерде шатастырушылықтар көп. Шын мәнісінде, этностан тысқары бірден-бір адам өмір сүрмейді. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсінік көпке ортақ. Этнос мәселесін түбегейлі түсіну үшін, ең алдымен «қауымдастық» деген сөз қандай мағынада қолданылатынына тоқталайық. Табиғат, қоғам және органикалық дүниенің дамуына ортақ заңдылықтар тән. Оларды ескермеу ой желісін шындықтан қиялға бұрып, даму бағытын біржақты түсіндіреді. Сол заңдылықтардың ішінде дифференциация (даралық) мен интеграцияның (ынтымақтастық) алатын орны бөлек. Биологиялық түр ретінде Homo Sapiens (саналы адам) алуан түрлі қауымдастықтарға бөлінеді. Солардың ішінде ұлттардың алатын орны ерекше. Этникалық қауымдастықтарды анықтау үшін әр түрлі мәнді ұғымдарға назар аударамыз: «ру», «тайпа», «нәсіл», «халық» (народ, народность), «ұлт», «этнос» және т.б. Кейде этникалық ұғымдарға саяси мән беріледі. Мысалы, КСРО-да негізінен ұлттық мәртебеге ие болған халықтар ғана одақтық республикаларды, ал қалғандары ұлттық округ, автономиялық облыс, автономиялық республикаларды құрайды. Этникалық қауымдастық саласындағы терминологиялық пікірталас ұлт феноменінің күрделігін 10 Вестник ПГУ № 3, 2010 көрсетеді. Ал біріңғай құбылыстарды анықтайтын терминдердің алуан түрлілігі әрқилы ой тудырып, этникалық процестерді танып-білуге қиындықтар келтіреді. Бұл жағдай оқу процесіндегі пайдаланып жүрген терминдерді бір жүйеге түсіріп, қайсысын негізге алу керектігін талап етеді. Енді аты аталған мәнді ұғымдарға жеке-жеке тоқталып көрелік: - нәсіл, нәсілдік топ ұғымы адамдардың тұқым қуалайтын генетикалық табиғатына байланысты биологиялық, антропологиялық сипаттарын белгілейді; - ру ұғымы адамдардың ортақ арғы ата-бабаларынан тараған қандастық, туыстық байланыстарын анықтайтын қауымдастықты білдіреді. Рулық қатынастар қазіргі кезеңде де өзінің мәнін жойған жоқ; - тайпа – белгілі бір мекенде (территория) тұратын, ортақ тілі, діні, әдетғұрпы бар рулар мен рулық қауымдастықтардың одағы; - ғылыми әдебиет пен оқулықтарда жиі қолданылатын терминнің бірі – халық (народность). Халық ұғымы үш мағынада қолданылады. Біріншіден, белгілі бір елде қоныс теуіп, өмір сүретін тұрғындар сол елдің халқы деп аталады (қазақстан халқы, ресей халқы және т.б.). Бұл ретте «халық» ұғымы этностық емес, территориялық мемлекеттік мағынаны білдіреді. Екіншіден, бұл термин этникалық қауымдастықты (орыс, қазақ, татар, т.б.) білдіреді. Ал бірыңғай дара ұлтты мемлекеттерде (ұлт, халық ұғымдарының мазмұны біртектес. Үшіншіден, «халық» деп көп ұлтты мемлекетте сан жағынан аз халықтың тобын атайды. Сонымен қатар, ең алғашқы «этникалық қауым» терминін әдебиетке кіргізген әйгілі ғалымдар М.Г. Левин мен Н.Н. Чебоксаров болды. Олардың пікірлерінше: этникалық қауым - өзінің тілі, мәдениеті, мекен ететін жері (территориясы) бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы ретінде анықтайды [3]. Отандық танымал этнограф С.А.Токарев өзінің «Этникалық қауымдастықтың мәселелері» атты мақаласында ең алдыңғылардың бірі болып этникалық қауымдастық түсінігіне анықтама бере отырып: Этникалық қауымды әлеуметтік байланыстардың келесі түрлерімен: қауымдастықтың шығу тегі, тіл, территория, экономикалық байланыс, дін және мәдениет тағы басқалары мен анықтаған. Дей тұрғанмен, бұл ерекшеліктердің бірден-бірі этникалық қауымдастықтың міндетті белгісі бола алмайды, өйткені, бұндай ерекшеліктердің негізіне әлеуметтік байланыстардың әр түрлері жатады, ал бұлар этникалық қауымдастықтың пайда болу базасын құруы мүмкін. Аталмыш авторлардың тұжырымдары мен келісе отырып, этникалық қауымдар классификациясын қарастыруда біз қарапайымнан күрделіге өту принципін басшылыққа аламыз. Қарапайымдылық жағынан «Этникалық категория» және «этнофор» ұғымдары бір мағынаны білдіреді. «Этнофор» ұғымы өздерін белгілі бір этноспен бірегейліктерін мойындайтын тұлғалардан құралатын этникалық қауымды білдіретін белгі. Күрделілігі жағынан келесі бір таксономиялық деңгей қатарына «этнографиялық топтар» жатады. «Этнографиялық топ» ұғымы айқын өзіндік санасы мен өзіндік атауы жоқ этностың ішкі бөлігін белгілеу үшін қолданылады. Оларға мысалы, солтүстік және оңтүстік орыстарды жатқызуға болады. Келесі қарастыратын этникалық қауым да ішкі бөлініс пен байланысты, бірақ бұл күрделі қауым. Өйкені, олар этностың негізгі массасынан, ауыз екі тілі, мәдениеті мен тұрмысы жағынан жергілікті сипатта ерекшеленеді және кейде өзіндік атауы (этноним) мен дүбәрә болса да өзіндік санасы бар. Мұндай этникалық қауымды «субэтнос» ұғымымен белгілеп олардың қатарына, мысалы, орыс халқының субэтностары ретінде казактарды, поморларды жатқызуға болады. Мұндай бөлініс барлығына тән емес екендігін ескерте кеткен жөн, бұл көбіне өткенінде де, қазіргі уақытта да тілдік – мәдени қатынасында біртұтас бүтіндікті білдірмейтін ірі этностарда болады. Бұл этникалық қауымдармен салыстырғанда «этникалық топтар» барлық этностарға тән. «Этникалық топтардың» этностан, өзінің массасынан ешқандай айырмашылығы болмайды, бірақ олардан алшақтап кеткендіктен, бұлардың мекендік (территориялық) тұтастығы болмайды. «Этнос» пен «этникалық топ» арасындағы ең басты айырмашылық осымен сипатталады. «Этнос» сөзінің қазіргі ғылыми айналымындағы мән-мағынасын Ақселеу Сейдімбектің пікірі бойынша былайша тұжырымдауға болады: белгілі бір мекенде тарихи өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, психикасы бар, сондай-ақ өздерінің әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан, өзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымы. Этнос субъектісі (шынайы ұлт өкілі) ұғымының мәнін анықтау үшін біздің зерттеуімізге арқау болған Л.Н. Гумилевтің этнос теориясы. Ғалымның этнос туралы теориясын бағалауда әр алуан көзқарас болғанына қарамастан, оның жекелеген идеялары – «пассионар теориясы» этнос субъектісін қалыптастыруда маңызды әрі аса құнды деп ойлаймыз. «Эндогамия» - ұлттың биологиялық төлтума бітімін сақтап, оның жойылып кетуінің алдын-алады. Бұл теория аралас некенің сандық шегін анықтап, одан аттау ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертеді. Біздің ойымызша, бөлімнің басында сөз еткен ұлы ойшылдарымыздың «толық адам», «түзу адам», «сегіз қырлы, бір сырлы» ұғымдары Л.Н. Гумилевтің «пассионар» теориясымен сәйкес келеді, әрі бірін-бірі толықтырады. «Толық адам» ұғымы жас ұрпақтың бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін адам қалыптастыру мақсатында пайдаланылса, «пассионар» ұғымында рухы биік, ұлттық сана-сезімі жоғары Адам қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Этностың ақпараттық концепциясы. Əлемдік этнологияда этникалықтың инструменталистік тəсіліне Н.Н. Чебоксаров пен С.А. Арутюновтың этностың ақпараттық концепциясын қосуы. Ақпараттық байланыстардың əртүрлі (синхрондық, диахрондық) қатынас формалары түрінде болуы. Ақпараттық байланыстардың əр түрлі жолдар арқылы (тілдік қатынас көмегімен көрсету, еліктеу) берілуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет