Еуразиялық экономикалық комиссия алқа шешім 2019 жылғы «19» қараша №198 Мәскеу қаласы Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»



бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі157,22 Kb.
#143837
түріРегламент
  1   2   3
Байланысты:
clcd 22112019 doc 2


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
АЛҚА


ШЕШІМ

2019 жылғы «19» қараша № 198 Мәскеу қаласы


Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – Кеден одағының «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) техникалық регламенті талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне


№ 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі (бұдан әрі – тізбе); халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы «Оларды қолдану нәтижесінде «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) Кеден одағының техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі және «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) Кеден одағы техникалық регламенті талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі туралы» № 81 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінен «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды жеделдетуді қамтамасыз ету сұралсын.
4. Осы Шешімнің 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Шешімнің 1 және 2-тармақтары 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия


Алқасының Төрағасы Т. Саркисян

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы


№ 198 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Оларды қолдану нәтижесінде «Еттің және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 034/2013) Кеден одағының техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет