Еуразиялық экономикалық одақ (еэо)



Дата09.01.2022
өлшемі20,02 Kb.
#110541
Байланысты:
Еуразия экономикалық одақ


Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) — одақтас үш елдің келешек тағдыры жаңа арнаға бұрылған маңызы зор тарихи кезең. Ол ортақ экономиканың болуы мен оған қатысушылардың ынтымақтасу еркіне негізделген жаңа еуразиялық жақындасу орталығының қалыптасқанын паш етуде. Еуразиялық экономикалық одақ — тауар мен қызметтің, капитал жəне жұмыс күшінің еркін айналымына жəне экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым. 2014 ж. 20 мамыры Астана қаласындағы (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) маңызы зор тарихи оқиғаның орын алуымен ерекше есте қалды. Тəуелсіз Қазақстан алғаш рет тауарлардың, қызмет көрсетулердің, еңбек ресурстары мен капиталдардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін аймақтық экономикалық интеграциялық одақтың бір бөлігіне айналды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан астанасында қол қойылды. Аталған құжат Одаққа қатысушы елдердің экономикаларын дамыту үшін ұзақ мерзімді тұрақты жағдайларды қамтамасыз ететін еуразиялық интеграцияның дамуына бастау берді, сондай-ақ төрт еркіндікті: тауарлар, капитал, қызметтер және жұмыс күшінің еркін қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік жасады. 2014 жылғы 4 желтоқсанда Армения парламенті елдің ЕЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялады. 2014 жылдың 23 желтоқсанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қырғызстанның ЕЭО-ға қосылуы туралы шартқа қол қойылды. 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енді. 2015 жылдың 2 қаңтарында Армения ЕЭО-ға ресми түрде кірді. 2015 жылдың тамыз айында Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру рәсімі аяқталды.



Одақтың қалыптасуының негізгі кезеңдері

1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеуде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының президенттері Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) туралы шартқа қол қойды, бұл еуразиялық шынайылықтарға бейімделген, барлық талаптарға жауап беретін экономикалық кооперацияны іздестіруге серпін берді.

2000 жылғы 10 қазанда Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру процесін тиімді ілгерілету мақсатында Еуразия экономикалық қауымдастығын (ЕурАзЭҚ) құрды. Бұл бірыңғай экономикалық стандарттар идеясы эволюциясының маңызды кезеңі болды. Осы ұйымға енгізілген тетіктер ұйым жұмыс істеп тұрған 8 жыл ішінде қатысушы елдер арасындағы тауар айналымын 4 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

2003 жылы тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалысын қамтамасыз еткен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімге қол қою маңызды сәттердің бірі болды.

2010 жылы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағының (КО) жұмыс істеуінің басталуы интеграцияның тағы бір кезеңі болды. Бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді, ішкі шекараларда кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жойылды, үш мемлекеттің аумағында тауарлардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілді. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуін бастау үшін негіз құрайтын халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс басталды.

2012 жылғы қаңтарда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық негізін қалыптастыратын, тауарлардың ғана емес, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін негіз болатын халықаралық шарттар күшіне енді.

2014 жылғы 29 мамырда Астанада 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген (ЕАЭО) құру туралы шартқа қол қойылды. Кейінірек бірлестікке Армения мен Қырғызстан қосылды. Шарт еуразиялық экономикалық жобаның интеграцияның жаңа, неғұрлым терең деңгейіне көшуін білдірді.  

Еуразиялық экономикалық одақ жастардың академиялық мобильдігінің шынайы мүмкіндікке айналуына, сондай-ақ ішкі нарық сыйымдылығының кеңеюіне ықпал етеді. Еуразиялық экономикалық одақтың біздің одақтас елдеріміздің мəңгілік достығының өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік тетігімі екендігі айқын. Мұнда Ресей, Беларусь жəне Қазақстан мемлекеттері өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. Үштік мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік секілді негізгі салаларында келісілген бірыңғай саясат жүргізеді.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта халықаралық ұйымдарға тəн базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтың тұтастығы, сондай-ақ Одаққа мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Сонымен қатар шарт Қазақстан, Ресей жəне Беларусь азаматтарының əл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мəселелерін шешуге бағытталған жəне тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын үйлестіруге қатысты экономикалық саясат жүргізуді де ұстанған.



Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердің ұстанымдары:

  • экономикалық тиімділік;

  • еуразиялық кеңістіктің ашылуы;

  • дамудың сатылы жолдары;

  • егемендікті сыйлау;

  • ерікті қарым-қатынас;

  • шешім қабылдаудағы теңдік.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет