Саммит (жоғары деңгейдегі кездесу) – қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіліп тұратын кездесуі.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) – қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы (жоғары деңгейдегі кездесуден басқа жылдары) кездесуі.
Тұрақты кеңес – жыл бойы осы лауазымдағы төрағаның жетекшілігімен тұрақты негізде саяси консультациялар өткізіп, шешім қабылдайды (апта сайын Венада, Ұйымның штаб-пәтерінде жиналады).
Тұрақты кеңес – жыл бойы осы лауазымдағы төрағаның жетекшілігімен тұрақты негізде саяси консультациялар өткізіп, шешім қабылдайды (апта сайын Венада, Ұйымның штаб-пәтерінде жиналады).
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум – қарулануды бақылау және Сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар (СҚНШ) мәселелерін тұрақты талқылайды (Венада апта сайын жиналады).
БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкіл – қатысушы мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жағдайдың дамуын бақылайды.
Төраға – ЕҚЫҰ-ның ағымдағы қызметін басқарады. ЕҚЫҰ мекемелері/институттарының жұмысын үйлестіреді. Ұйымнан өкілдік етеді, қауіпсіздік саласындағы үдерістерді бақылайды және жанжалдар мен дағдарысты жағдайларды шешуге ықпал етеді.

Бас хатшы – хатшылыққа жетекшілік етеді. Министрлер кеңесімен 3 жыл мерзімге тағайындалады.
Ұйым штаты – басшылық органдарда жұмыс істейтін 370-тей адамнан, сондай-ақ 3 500 адам шамасындағы далалық миссиялар қызметкерлерінен тұрады.
«Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт«Т» – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық), «толеранс» (толеранттылық) болып табылады.
«Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт«Т» – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық), «толеранс» (толеранттылық) болып табылады.
Біріншісі – бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.
Екіншісі – ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.
Үшіншісі – халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.
Ал төртіншісі – бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.