Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы ) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті « Үштік ». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің « Кескіндеме — өнер падишасы » деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз.