Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер «өзгенікіне» тек беріде пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен қоса сонау ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды жатқызады (Қытай, Иран, Үрім, Орыс, т.б.). Кеңістікті «біздікі» және «өзгенікі» деп бөлу оппозициясы тек суперэтностар арасында емес, сонымен бірге мөдени-шаруашылық типтер аралығында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы «бітіспес жауластық» бар деген әсіре бейнелеуге жатады. Сонда да олардың арасында қайшылық жоқ емес. Бұл қайшылық мәдениет әлемінде ландшафт ерекшеліктері арқылы суреттелген. Қазақ тіршілігінің негізгі тұп қазығы — кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Алтай, Тянь- Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап тұр. Бұл шекара тауларда және одан ары қарай жау бар деген түсінік халық санасына терең ұялаған. - Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер «өзгенікіне» тек беріде пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен қоса сонау ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды жатқызады (Қытай, Иран, Үрім, Орыс, т.б.). Кеңістікті «біздікі» және «өзгенікі» деп бөлу оппозициясы тек суперэтностар арасында емес, сонымен бірге мөдени-шаруашылық типтер аралығында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы «бітіспес жауластық» бар деген әсіре бейнелеуге жатады. Сонда да олардың арасында қайшылық жоқ емес. Бұл қайшылық мәдениет әлемінде ландшафт ерекшеліктері арқылы суреттелген. Қазақ тіршілігінің негізгі тұп қазығы — кең дала, жазық жер. Ұлы Даланы Алтай, Тянь- Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап тұр. Бұл шекара тауларда және одан ары қарай жау бар деген түсінік халық санасына терең ұялаған.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |