Омыртқалы жануарлардың бөліп шығару мүшелері Хордалылар типі,балықтар классы (Тип Хордовые, надкласс Рыбы) - Бөліп шығару мүшесі лентатәрізді дене қуысының үстінде омыртқаның астында орналасқан тұлғалық бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару түтігінен тұрады. Негізгі бөліп шығару өнімі – аммиак, Аммиакпен бірге судың көп мөлшері шығарылады.
Қосмекенділер классы (Класс Земноводные) - Бөліп шығару мүшесі – жұп тұлғалық бүйрек, несепағар, қуық, клоака.
- Бөліп шығару өнімдері және судың көп бөлігі тері арқылы шығарылады.
Жорғалаушылар классы (Класс Пресмыкающиеся) - Бөліп шығару жүйесі бүйрек, несепағар, қуық. Бүйректер клоакамен несепағар арқылы байланысады.
- Бірқатар жорғалаушылардың қуығы дамымаған. Мысалы, қолтырауын, жылан, бірқатар кесірткелер .
- Құрлықта мекендейтін рептилиялардың бөліп шығарудың соңғы өнімі – зәр қышқылы.
Құстар классы (Класс Птицы) - Бөліп шығару мүшесі жұп бүйрек, несепағар. Қуық болмайды.
- Зәр қышқылы экскременттермен бірге ақ ботқа түрінде клоака арқылы шығарылады.
Сүтқоректілер классы (Класс Млекопитающие) Құрсақ қуысында омыртқа жотасының бел бөлімінің екі жағында орналасқан бұршақ пішінді жұп мүше - Бүйректе қанның фильтрациялануы нәтижесінде зәр түзіледі, содан ол несепағар арқылы қуыққа жинақталады. Зәр несеп шығару түтігі арқылы сыртқа шығарылады.
- Негізгі бөліп шығару өнімі-несепнәр(мочевина).
Жануарлардың бөліп шығару жүйесінің құрылысы
№
|
Жануарлар
|
Бөліп шығару жүйесінің құрылыс ерекшеліктері
|
6.
|
Балықтар
(Рыбы)
|
Тұлғалық бүйрек – несепағар – қуық – зәр шығару түтігі
|
7.
|
Қосмекенділер
(Земноводные)
|
Тұлғалық бүйрек – несепағар - клоака – қуық
|
8.
|
Жорғалаушылар
(Пресмыкающиеся)
|
бүйрек – несепағар – клоака - қуық
|
9.
|
Құстар
(Птицы)
|
Бүйрек- несепағар-клоака
|
10.
|
Сүтқоректілер
(Млекопитающие)
|
Бүйрек – несепағар –
қуық – зәр шығару түтігі
| Тапсырма 1. суретте көрсетілген жануарлардың бөліп шығару өнімдері мен мүшелерін сәйкестендіріңіз
А
B
C
D
E
1 Тұлғалық бүйрек – несепағар – қуық – зәр шығару түтігі
2 Жұп безді мүшелер (жасыл без)
3 Метанефридии
4 Бүйрек- несепағар-клоака
5 Тұлғалық бүйрек – несепағар - клоака – қуық
Достарыңызбен бөлісу: |