Сабақтың нөмірі: 10 Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
1.Оқу мақсаты: 8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;
2. Конспект Табиғаттағы болатын құбылыстар өте маңызды.
Фотосинтез құбылысы кез келген қсімдіктің ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттекті бөліп шығырыды: Көмірқышқыл газы +су жарық глюкоза +оттек 6СО2+6Н2О→С6Н12О6 +6О2 Бұл кезде жапырақта көптеген бағалы заттар түзіледі. Адамдар фотосинтез құбылысын зертханада жүргізуді іске асыра алмады. Тыныс алу - бұл да химиялық құбылыс. Біз өсімдіктерден бөлінген оттекпен тыныстап, көмірқышқыл газын бөліп шығарамыз: Глюкоза +оттек →көмірқышқыл газы +су С6Н12О6 + 6О2 →6СО2+6Н2О+энергия Бұл құбылыс барысында энергия сыртқа бөлініп шығады, бөлініп шыққан энергияны тірі организм тіршілік әрекетіне қажетті заттарды синтездеуге жұмсайды.
Шіру - күрделі органикалық заттардың микроорганизмдер қатысында оттегімен әрекеттесуі болып табылады. Шірудің маңызы зор: тіршілігіг жойған организмдердің құрамындағы нәруыздарды өсімдіктер сіңіре алатындай қосылыстарға айналдырады. Сөйтіп, табиғаттағы заттардың айналымы қайтадан басталады. Заттардың оттекпен әрекеттесуі тотығу реакциясы деп аталады. Заттар тотығып жылу және жарық шығара жүретін химиялық реакция жану реакциялары деп аталады. Заттар оттекпен әрекеттесу нәтижесінде көбінесе оксидтер түзіледі. Металдардың тот басу процесі де баяу тотығуға жатады. Темір ауада темір оксидін түзіп, тотығады: Темір+оттек→темір қағы 3Fe+2O2→ Fe3O4 ( FeО* Fe2O3)
Жемірілу адамзат өркениетіне орасан зор зиянын тигізеді, жыл сайын оның кесірінен миллиондаған тонна металл жойылады. Біздің заманымыздағы шешілмеген жаһандық бір мәселе - қышқыл жаңбыр.Қышқыл жаңбыр пайда болуының негізгі бір себебі- атмосфераның күкірт және азот оксидтерімен ластануы. Көмір және мұнай құрамында күкірттің мөлшері жоғары. Осы отын түрлерін жаққанда күкірттің оттекпен қосылысы атмосфераға таралады. Күкірт оксиді жаңбыр тамшыларымен әрекеттесіп, күкірт қышқылын түзеді: Су+күкірт (VI) оксиді →күкірт қышқылы Н2О+SO3 → Н2SO4