Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейірбике іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсеткіші: Иық сүйектерінің сынығы.
Жабдықтар :
сатылы Крамердің құрсауы;
2бинт,мақта,косынка,қайшы;
Есте сақтау:шинаны салған кезде екі буын бекітіледі:сынықтан жоғаы және төмен буындар.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Науқасты өзіне қаратып отырғызыңыз,тыныштандырыңыз.
Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз.
Үстіндегі киімін қиып,жарақаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз.
Жарақат аймағын тексеріп,сынғанын немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз.
Сатылы Крамер құрсауын таңдаңыз:ұзындығы 80см ,ені 8см.
Құрсауды екі жағынан мақтамен орап , мақтаны құрсауға бекітіңіз.
Құрсауды науқастың сау жағына орналастырыңыз,саусақ ұшынан,шынтақ буынына дейін.
Құрсауды алып ,түзу бұрыш қылып бүгіңіз (90 );
Құрсауды сау қолды,иықты салып(құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағалау).
Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасаңыз.
Дайын құрсауғв қол мен иықты салыңыз.
Құрсауды спиральді байламмен қол ұшынан,иық буынына дейін бекітіңіз.
Жақсылап бекіту үшін,косынкалы байлам салыңыз.
Есте сақтау: Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдаында жайғастырып,астына дөңгелек валик салыңыз,қолға мақтадан,марлядан немесе бинттен валик жасап,салыңыз.Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп,косынкаға іліп қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |