Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет13/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері?
2. Тәрбиенің нәтижесін бақылау әдістері қандай?
3. Тәрбиелік деңгейдің өлшемдері мен көрсеткіштерін сипаттаңыз.
4. Сынып ұжымын қалыптастыру деңгейі қандай?
5. Тұлғааралық қарым-қатынас жағдайын зерттеу жолдары қандай?


6-Дәріс
Тақырыбы: Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық ретінде қарауға үйретудегі қызметі.
Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық ретінде қарауға үйретуі.
2. Мерекелерді ұйымдастыруға байланысты сынып жетекшілеріне кеңес беру.
Мақсаты: студенттерге мектептегі оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жағдайлары, оқушылардың демалысы мен еңбегіндегі күн тәртібін ұйымдастыруды және алкоголизмге қарсы үгіт пен есірткінің алдын алу жолдарын ұйымдастыруды үйрету.
Негізгі ұғымдары: салауатты өмір салты, дененің саулығы, өмір салты субъектісі, өмір деңгейі, өмірдің санасы, өмірдің стилі, ұлттық сана сезім, нашақорлық, алкоголизм, психоактивті заттар, зиянды әдеттер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Харламов И.Ф. Педагогика. М., 2000.
Реферат тақырыптары:
1. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2. «Нашақорлық ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында рефера дайындау.
3. Оқушылардың сабақтан соң демалысы және еңбек күн тәртібін ұйымдастыру дың шарттары.
4. Оқушылармен алкоголизмге қарсы үгіт және наркоманияның алдын алу жолдарымен таныстыру.
5. Оқушылардың зиянды әдеттерден бойын аулақ сақтауы.

Қазіргі кезде қоғамымыз саяси және әлеуметтік өзгерістер үстінде. Осыған байланысты адамдардың тұрмыс-тіршілігі, сана-сезімі және әдет-ғұрпы да өзгеретіні заңды құбылыс. Яғни, бұл болашақта біздің ұрпақтарымыз жаңа өмір салты бойынша өмір сүреді деген сөз. Осы мақсатпен мектептің тәрбие жұмысына «Салауатты өмір салты» тақырыбы еніп отыр. Оқушылар арасында өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар «Салауатты өмір салты» бойынша үш бөлімнен тұрады:


І. Өмір салты дегеніміз не, оның адам өмірінде алатын орны және демократиялық ұстанымдар туралы.
ІІ. Қоғамыздыңды салауатты және оған жастарымызды қалай тәрбиелейміз деген мәселелер тұрады. «Салауатты өмір салтының» рухани-имандылық, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси негіздері.
ІІІ. Бөлімде қарастыратын тақырыптары:
1. Өмір салты.Оның мәні мен құрылымы.
2. Өмір салты субъектісі және өмірдің жағдайы.
3. Өмір деңгейі.
4. Өмірдің санасы.
5. Өмірдің стилі.
ІҮ. Салауатты өмір салтын құру және оған тәрбиелеу.
Салауатты өмір салты дегеніміз:
1. Әлеуметтік тұрмысты жақсарту.
2. Бос уақытты дұрыс пайдалану.
3. Білімін көтеру.
4. Денсаулық сақтау.
5. Тазалық сақтау.
6. Зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты ұрпақты кәмелет жасқа дейін тәрбиелемей еліміздің өркендеуіне қол жеткізу қиын шығар. Бұл тек қана педагогика және психология, ия болмаса, медицина салаларының алдындағы мәселелер емес, қоғамның салаларына ортақ өзекті мәселелердің бірі.
Салауатты ұрпақты тәрбиелеудің жүзеге асыру оқушы санасын салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған біліммен құралдандыруға негізделеді. Күн бүгінге дейін осы тақырыпқа арналған әдебиет мазмұнына көз тастайтын болсақ, физикалық жаттығулар жасау, гигиена талаптарын орындау, зиянды әдеттерге бой алдырмау секілді көптеген мәліметтердің берілуі салауатты өмір салты организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, қозғалыстың белсенділігі; шынығу- мүшелер жүйесінің қызметін арттырады, сыртқы орта мени аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы дұрыс тамақтану; гигиена талаптарына дұрыс қадағалауға әрекет жасау; жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; дұрыс мінез-құлық; өз қасиеттерін басқара білуге арналған және жүйкесі тозудан сақтандыруды қалыптастырудағы психогигиена; жыныстық тәрбие, жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулардан сақтандыру; күнделікті тұрмыста, көшеде, мектепте жарақаттанудың алдын алу, зиянды әрекеттерге берілмеу секілді компоненттерді амтиды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбындағы негізгі кеңестер деп осы саладағы ғылыми және діни әдебиеттерді, әр түрлі еңбектерді, теледидар-радио бағдарламаларын, басылым беттеріндегі салауаттылыққа арналған мақалалар мен денсаулық сақтау органдары қызметкерлердің кеңестерін атап өтуге болады.
Салауатты өмір салтын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіруші негізгі оқу-тәрбие ошағы – мектеп. Төменде орта мектепте оқушыларда салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру әдістемесі көрсетілді.
Салауаттанудан білім берудің мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтының ғылыми негіздерімен таныстыру, гигиеналық білім мен дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету болып табылады. «Салауаттану» пәні салауатты өмір салтының уәждемесін қалыптастыруға, денсаулықты нығайту мен сақтауға, гигиеналық білім мен дағдыларын дамытып, организмді уланудан, зақымданудан, әр түрлі жұқпалы және созылмалы аурулардан сақтануға, зиянды заттарға қарсы тұруға және т.б. үйретеді.
Салауаттану сабақтарында оқушылар денсаулықты сақтау мен нығайтудың іргелі заңдылықтарын меңгереді, организмге қоршаған орта факторларының әсерін анықтайды, адамдар арасындағы қарым-қатынаста кикілжіңді болдырмауының, денсаулықты сақтаудың әдістері мен құралдарымен танысады. Салауаттану ғылымы мамандық ретінде денсаулықтың ғылыми теориясын ғана емес, адамның биологиялық, психологиялық, гигиеналық, әлеуметтік, экологиялық, этникалық сипаты туралы білімді меңгеріп, оқушылардың өз денсаулығын іс жүзінде қорғауға үйретеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – үздіксіз үрдіс.Сондықтан «Салауаттану» пәні мектепке дейінгі кезеңнен бастап, орта мектептің бастауыш, негізгі, жоғарғы сатыларында, орта кісіптік және жоғары оқу орындарында оқытылады.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» - бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының жарғысында көрсетілгендей, дененің моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Деннің саулығ» - адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» -адамның денелік, инттеллектуалдық және еңбек әрекетін, тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын, бірсарынды жұмысы, демаласы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» - деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын» былай түсіндіреді:
- ең жақсы үйлесімді тәртіп;
- иммунитетті және денені шынықтыру;
- дұрыс тамақтану;
- орнықты өмір сүру;
- зиянды әдеттің болмауы;
- жоғары дәрігерлік белсенділік.
Қазақстанда «деннің саулығы – бастың амандығы» -деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып кележатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі, жаңа ХХІ ғасырдың адамы- дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, салауаты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау – қоғамның маңызды құндылығы.
Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөліну, өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тоқанындай, әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең қажетті, өзіңді өзің сүю, құрметтеуден басталады.
Салауатты өмір сүру салтына 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы мен ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиеленуінің жетекші бағыты болуы тиіс.
Мектептегі нашақорлықтың алғашқы профилактикалық мәселелері –салауатты өмір салтын интеллектпен байланыстыра тәрбиелеу.
Денсаулыққа жеткізер байлық – рухани байлық, шығармашылық еңбек. Психолог-ғалымдардың еңбектеріне сүйінсек, тіршілікте ұнамды эмоциялардың үлкен маңызы бар екенін байқаймыз.
Жасөсірімдер нашақорлығының әлеуметтік келешегін үлкен сеніммен алдын-ала болжауға болады. Біріншіден, 12-18 жастағы нашақорлар – бұл ар, ождан пинциптері бұзылған, адамгершілік қасиеттері төмен деңгейдегі адамдар. Сонымен қатар, есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп, 10-20 жылдан кейін жасөспірім нашақор «әлеуметтік үш» тобын құрайды.
Екіншіден, нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді, немесе дені сау ұрпақ бере алмайды, яғни СПИД, гепатит, бедеулік, ақыл-есінің дұрыс болмауы және т.с.с. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.
Үшіншіден, мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді: білім және маман әлеуетінің (потнециал) төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы экономикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет