2. Үйсін мен қаңлылар мәдениеті.
3. Түркілердің мәдени ескерткіштері: Орхон-енисей, Ленско-Прибалтийлік, Алтай, Ертіс жағалауындағы, Шығыс-түркістандық, Орта Азиялық (жетісулық руналар, ферғандық руналар, сырдариялық руналар) және Шығыс еуропалық ескерткіштер.
1. Байкалдан Балқанға дейінгі құс ұшса қанаты талатын ұлан ғайыр аймақта мекендеп, батыс пен шығысты жалғаған, бүгінде төрткүл дүниенің түпкі-түпкіріне тарап кеткен түркі тектес халықтардың түп атасы- ежелгі түріктердің рухани мәдениетінің аса бай екендігін және ортақтығын руна діни наным-сенім жүйесі де айқындайды.
Ежелгі сақтар, хұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түріктер, түркештер, ұйғырлар мен қарлұқтар бір дінді тұтынып, бір құдай – Тәңірге (Аспанға) құлшылық еткен. Тек ұйғырлар ғана аз уақыт ерте християндықтардың бір түрі – манихейлікке бет бұрды да, кейінірек қайтадан Тәңірге табынатын болды.
Тәңірлік нанымда көк аспан, жарық күн, ашық ай ең қасиетті құдірет саналған. Тәңірге табынушылар Аспан мен Күнді дүниенің бәрін жаратушы құдірет деп таныған, ал жоғары қызмет бабындағы кісі – мемлекетті билеген қағанға аспан қасиет берген, құдірет иесі ретінде құрметке бөлеген. Сондықтан да хұн билеушілері туралы: «жер мен аспаннан жаратылған, күн мен ай таққа отырғызған, ол хұндардың ұлы да құдіретті билеушісі (Тәңір-құт) деген «Хань әулеті кітабында» Үйсіндер өз көсемін Күнби («Күн билеушісі») деп атап, құдіреттік немесе көк аспандық мағына берген. Тасқа айналып бізге жеткен ежелгі түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл туралы: «Жоғарыда-көк аспан, төменде- қара жер құрылып, ал олардың аралығында адамзат перзенттері пайда болғанда» деп жазылған. Немесе Білге қаған хақында: «Тәңірімнің маған мейірі ауып, жебеген соң жолым түсіп мен қаған болдым» – дейді «Күлтегін ескерткіштерінде». Бұл жазбалардан таққа отыру, билеуші мен халықтың әл-ауқаты Тәңірге деген сенімге негізделгенін, дін мен мемлекттік саясаттың қоян-қолтық қатар жүріп, ел мен халықты басқарудың ортақ құралы болғанын көреміз. Билеушілердің өздері ең алдымен Тәңірдің (Аспанның) қолдап демеуінің арқасында, содан соң ғана жеке бастарының алғыр қасиеттерінің нәтижесінде сәті түсіп таққа отырғандарын, қаған болып, халық басқарғандарын атайды. Біздің аталарымыз бен бабаларымыз Аспанды, Тәңірді сондықтан да бір деңгейде құдірет тұтқан, солармен бірге жер мен суды, тауларды да ерекше қадірлегендерді олардың атауларынан-ақ көрініп тұр.
Хұндар мен үйсіндер құдіретті заңғар таулар маңын, олардың Чиляншан – Тәңір таулары. Тянь-Шанның қытайша атауы Құдіретті таулар (Тәңір таулары). Бұл атау хұндардан қалаған, өйткені Тянь-Тәңірі деген сөз.
Аспан біздер, қазақ халқы үшін де қасиетті, Тәңірге (Құдайға) тең. Аспанның көгілдір түсі мен тазалығы жастақ пен көктем, молшылық, тәуелсіздік пен бостандық белгісі. Тәуелсіз де егеменді Қазақстан туының және басқа да мемлекеттік рәміздері түсінің аспан түстес көгілдір болуы кездейсоқ емес. Бұл ғасырлар түкпірінен жеткен, мыңдаған жылдар жасаған дәстүр.
Біздің арғы тегіміз, аталарымыз бен бабаларымыз өмірлерінің үлкен бөлігін ат үстінде, көз жеткісіз көгілдір аспан астында өткізген, алтын белгісі- жерге тек тұяғын ғана тіреген. Оларды төрт аяқты аңдар асырады, жүректері мен жандарында аспаннан, шетсіз-шексіз аспан әлемінен рухани қуат алды, кең дала көлемі жағынан аспанмен тең болды, көк жүзіне биікке аспанға ұмтылған заңғар тау шығдары да сай келеді.
Ежелгі малшылар қандай да бір құбылысқа атау бермес бұрын алдымен оның сыртқы пішініне, түсі мен бояуына, табиғатта алатын орнына көңіл бөлген. Көшпенділер айналасындағы және көз алдындағы бір де бір затты қағаберіс қалдырмаған.
Түркілер аспанды құдіретті күш ретінде қадірлеп, оған қызығы қарап, сүйіп қана қоймай, одан қауіптенген, сақтана да білген. Мұның себебі, Күннің жарық пен жылу беріп, сол арқылы жер бетіне өмір нұрын шашқандығында ғана емес, оның күн сайын көк-аспанның жүзімен жылжып, өзінің көші-қон үлгісі болғандығында еді. Түркілер табиғатта күннен қуатты ештеңе де жоқ екенін білді.
Уақыт та Күн қозғалысымен өлшенеді. Ал аспанда жүздеген ай жылдық күнтүзбелік негіз болды. Табиғатта болып жатқан өзгерістер аспан шырақтарының қозғалысымен анықталып, шаруашылық жұмыстары соларға қарап атқарылды.
Түркі халықтарында Көк-Аспан сөзімен Тәңірі-Құдай қашан да қатар қойылған. Бәрі де өз ретімен жасалды, қоғам мен табиғат, жақсы мен жаман, қажетті мен қажетсіз тек Тәңірі- Құдай арқылы ғана қарастырылады. Адамның өмірге келуі, оның парызы мен қасиеттілік Аспанның, Аспан Құдайы- Тәңірінің ісі деп түсіндірілді. Әр заттың өз мәні, құпия жұмбағы, өлшем көлемі болды. Бұл жағынан Тәңірлік пен Ислам арасында айырмашылықтан гөрі ұқсастықтар көп. Сондықтан да ҮІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасырдың басында Сырдария мен Жетісу жерлерінде ислам келгенде түркештер мен қарахан әулетінен шыққандар жаңа дінді жатсынған жоқ. Ал қарахан әулетінің бірлестіктері исламды мемлекеттік дін ретінде пайдалана бастады. Тарихи шындық осындай. Басқа халықтар бөтен дінді қашан қаншама қан төгілді.
Бәрі де салыстырмалы түрде танылатыны белгілі. Біз көшпелілер мен диқандар арасындағы айырмашылықты анықтау үшін осы әдіске жүгінейік. Көшпелілер бүкіл өмірін ат үстінде өткізді, өріске шыққан малының соңында жүрді, өмір бойы аспанға, табиғатқа қарап өсті, ауа райының өзгеретінін, жылдың келесі мезгілінің тууын бірінші болып байқап, көз алдындағы алып кеңістікті, аспан мен даланы ғана көрді. Сондықтанда Аспан-Тәңіріні Құдай тұтты. Және ғұмыр бойы бір құдайға сеніп, басқа құдайлар туралы ойланбаған да.
2. Көне түріктер дәуірінде «Тәңірі» сөзі бірнеше мағанада қолданылады. 1) аспан дүние бөлігі ретінде; 2) Құдай ретінде; 3) Құдайланған адам ретінде; 4) Әмір етуші әмірші. Осы политеистік мәнде Тәңірі аспанда, жерде, суда, тау мен жанурлар әлемінде де болса керек. Қазақтарда: «Құс тәңірі», «Жер тәңірі», «Аң тәңірі», Су тәңірі», «Құс тәңірі» деген ұғымдар сақталған. Барлық сөз тіркестерінде «тәңірі» сөзі «бұйырушы», «құдай», «билеуші» деген мағананы білдіреді.
Көне түріктердің түсінігі бойынша жердегі өмірмен байланысы бар көк аспанның негізгі атрибуттары бұлар күн мен ай болған. Енисейлік құлыптас ескерткіштерінде «көк аспандағы күн мен айды жоғалттым» деген сөздер жиі кездеседі. Орхон түріктері күнге қарап бағыт-бағдарды айқындаған.
3. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағырапиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағырапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.
Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.
Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады. Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.
Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындайды. 1889 жылы орыс зерттеушісі Н. М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдекайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт кабырғалы биік тасты көреді.
Н. Ядринцсв таска мынадай сипаттама береді: биіктігі — 3,5 метр, төменгі ені — 1,32 метр, жоғарғы жағының ені — 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың тор жағы бірдей жазылған. Батыска караған бетіндс қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазуымен толған.