Дәріс 11. XX ғасырдағы қазақ мәдениеті.
Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті.
Қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка, ХХ ғ. драматургиясы.
ХХ ғ. Қазақстандағы киноиндустрияның дамуы.
1. Қазақтың әдеби тілінің дамуына ХХ ғасырда ерекше мән беріле бастады. А.Байтұрсыновтың басшылығымен құрылған Академиялық орталық қызметінің басты бағыттары болып, қазақ тілінің ғылыми терминдерін дайындау, бірінші және екінші сатыдағы қазақ мектептері үшін қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, қазақ тіліне саяси- ағарту әдебиетін аудару саналады. Бұл орталық жұмысының нәтижесінде Қ.Сәтбаевтың “Алгебрасы”, А.Байтұрсыновтың “Хрестоматиясы”, М.Жұмабаевтың “Педогогикасы” жазылды. Қазақ көркемөнері мен әдебиетінің үлгілерін оқып- үйреніп, сақтаумен қатар, этнографиялық зерттеулер жүргізу ісімен М.Әуезов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев 1992 жылы ұйымдастырған қазақ мәдениетін қорғау қоғамы “Талап” айналысты. 1920-1930 жылдары қазақтың бейнелеу өнері дүниеге келді. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшілері Ә.Қастеев, А.Ысмайлов, ағайындары Қожықовтар, А. Шебеков, т.б өздерінің шеберліктерін осы кезеңнен бастап шыңдай бастады. Олардың бәрі арнаулы білім алып, Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.
Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)-қазақ әдебиеті тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі. Ол1858 жылы Семей облысының Шыңғыстау ауданында Абайдың ағасы Құдайберді отбасында дүниеге келді. Әкесімен ерте қалған Шәкәрім Абай қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай оның дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына игі әсер етті. Ол өз дәуірінің әлеуметтік мәселелері туралы толғанды, қиянат атаулыға орын жоқ өмірді армандады. Тек қырық жасқа жақындағанда адамгершілік, ізгілік мазмұнға толы поэзиямен айналыса бастады. Ш.Құдайбердиев- құнды поэмалардың, повестердің, өлеңдердің, аудармалардың авторы. Ақынның көзі тірісінде, 1919 жылы “Қазақтар айнасы” атты өлендер жинағы жарық көрді. Ол “Қалқаман-Мамыр” , “Еңлік-Кебек” романтикалық поэмаларын және дін жөніндегі “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі” атты трактат жазып қалдырды.
Құдайбердиев лирикасы диапазонының ала бөтен кендігімен ерекшеленеді. Алғашқы өлеңдерінде ақын махаббатты, әйел сұлулығын, жастық пен табиғатты жырлады. Қазақ жерінің өзгеше сұлулығы, кең-байтақ далалары мен асқақ таулары, мөлдір аспан мен буырқанған өзендер – ақын шығармашылығының негізгі тақырыптары болды.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) – ақын, ғалым, түркітанушы, орыс классикасын аударушы, педагог, публицист, қоғам қайраткері. Оның “40 мысал” жинағы 1909 жылы Петербургте жарық көрді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол жаңа әліпби жасаумен айналысты, тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар жазды, кейінірек әдебиеттану, тарих, әдебиет теориясы бойынша зерттеулері жарық көрді. Ақын, жазушы, аудармашы, журналист Міржақып Дулатовтың (1885-1935) өмірі мен қызметі әлеуметтік, саяси және рухани қайшылықтарға толы ХХ ғасырдың бас кезенімен тұтас келді. Анасы екі жасында қайтыс болды. Әкеден он екі жасында айрылды. Әуелі ауыл мектебінде, кейін Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ училищесінде оқыды. Педагогикалық курстарды бітіргеннен кейін, 1902 жылдан бастап ауылда мұғалім болып істей жүріп, барлық бос уақытын өз бетімен білімін көтеруге, қазақ, орыс және шетелдік жазушылардың шығармаларын оқуға жұмсады.
М.Дулатов шығармашылығының басым бөлігін А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ғ.Тоқай шығармаларын қазақ тіліне аудару құрайды. М.Дулатовтың А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынов шығармашылықтары туралы зерттеулерінің өзі құнды жазбалар болып табылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жазба әдебиетінің дамуына аса көрнекті ақын-жазушылар М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіровтер өлшеусіз үлес қосты. М. Жұмабаев-қазақ поэзиясы тарихындағы ең ұлы ақындардың бірі. Ол “Пайғамбар”, “Шығыс ұлы”, “ Мен жастарға сенемін”, т.б. жалынды өлеңдердің авторы. Өкінішке орай, аталған ақындар мен жазушылар ақындар мен жазушылар 30-жылдары жүргізілген кеңестік саяси қуғын-сүргін құрығына ілініп,жазықсыз құрбан болды. Қазан төңкерісі қарсаңында және одан кейін әдебиет пен өмірдің байланысы күшейіп, өкіметті сынау, халық өмірінің қайғылы жақтарын пайымдауға тырысушылық байқала бастады. С. Көбеевтің, С.Дөнентаевтың, М.Сералиннің, С.Торайғыровтың, С.Мұқановтың, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің шығармалары кеңестік құрылысты, кеңес адамының жаңа өмірді құрудағы ерен еңбегін бейнеледі.
Мұхтар Әуезов шығармашылығы-қазақ әдебиетінің классикалық мұрасы мен өткен дәуірдің алтын дәстурлері арасындағы байланыстың жарқын айғағы. Ол алғашқылардың бірі болып, қазақ әдебиеті тарихын, ертегілерді, айтыстарды, батырлар жырларын зерттей бастады. Оның қаламынан бүкіл дүние жүзінің әдебиетсүйер қауымы таныған, көптеген елдер тілдеріне аударылған “Абай жолы” эпопеясы шықты. Кезінде М. Әуезовтің басты шығармасына аса көрнекті жазушылар мен әдебиет зерттеушілер Л.Арагон, А.Курелла, Н.Погодин, М. Шохолов, Ш.Айтматовтар зор баға берді.
Қазақ кеңес әдебиеті 30-жылдары үлкен жетістіктерге жетті. 1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі үлкен қошеметпен болып өтті. 30-40 жылдары қазақ әдебиеті қиын әрі курделі жағдайда дамып, бекіді. Бір он жылдықтың ішінде (1929-1940) қатарынан екі рет дикретивалық қаулының күшімен қазақ емлесі өзгеріске ұшырады. Әуелі қазақ әліппесі латынға көшірілсе, іле-шала кириллицаға көшірілді. Қазақ халқы шын мәнісінде Қазан төңкерісіне дейін араб тілінде жазылған өзінің рухани мұрасынан айырылып қалды. С.Муратбеков, М.Мағауин, О.Бөкеев, Ф.Оңғарсынова, К.Ахметова, Т.Әбдірахманова, М.Сүндетов, Ә.Тарази, Қ.Найманбаев, Т.Молдағалиев және т.б. толықтырды.
Қазақ әдебиетінің өз халқының тарихына қызығушылық таныту заңды құбылыс еді. Ол қазақ халқының КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған Ә.Нүрпейісовтің тарихи тақырыпта жазылған “Қан мен тер” трилогиясы, І.Есенберлиннің “Көшпелілер трилогиясы ” республика әдеби өміріндегі елеулі оқиғалар болды. Бұл шығармалар республикалық, одақтық және әлемдік қоғамының жоғары бағасына ие болып, дүниежүзілік халықтарының көптеген бағасына ие болып, дүниежүзі халықтарының кқптеген тілдеріне аударылды. Республика әдебиетшілері сахна үшін бірсыпыра тәуір шығармалар жазды. Қазақ драматургиясының классиктері М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің есімдетімен қатар, театр жарнамаларында Т.Ахтановтың, Қ.Бекхожиннің, Қ.Мұхамеджановтың, С.Адамбековтің, С.Шаймерденовтің, С.Жүнісовтің, Қ.Ысқақовтың, Р.Сейсенбаевтің есімдері пайда болды. Республикада өмір сүретін өзге ұлттар әдебиеті де жоғары қарқынмен дамыды. Н.Ановтың, Х.Абдуллиннің, М.Хамраевтың, Г.Бельгердің шығармалары оқушылар сүйішпеншілігіне бөленді.
2.Театрдың, музыканың, киноның және сурет өнерінің дамуы
Кеңестік дәуірде театр және музыка өнері, сондай-ақ кино өнері өзі дамуының жаңа кезеніне өтті.
Кәсіби кадрлар дайындау мақсатында республикада тұңғыш 1932жылы музыкалық-драмалық техникум, 1933жылы музыкалық актерлік студия, келесі жылы бірінші музыкалық мектеп ашылды.1934 жылы 13 қаңтарда құрамында К. Байсейітова, Қ. Жандарбеков, М. Ержанов, Ж.Елебеков бар музыкалық студия М.Әуезовтің либреттосы бойынша “Айман-Шолпан” музыкалық комедиясын сахнаға шығарды. Бұл оқиға тарихқа қазақтың операсы келгенін паш етті. Келесі қадам Ленинград консерваториясының түлгеі Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек ” және “Жалбыр” операларын қою болды.1937 жылы Қазақтың музыкалық театры Е.Брусиловскийдің “Ер Тарғын” операсын қоюы арқылы опера және балет театры болып өзгерді (қазір Абай атындағы опера және балет театры). 1935жылы Қазақтың мемлекеттік филармониясы құрылды. Оның алғашқы директоры болып, қазақтың халықтық музыкасын жинаушы және зерттеуші А. Жұбанов тағайындалды. Салтанатты ашылуы 1926 жылы республика астанасы Қызылорда қаласында М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасын қоюмен басталған Қазақтың драма театры үлкен жетістіктерге жетті. Белгілі сахна шеберлері Ж.Шанин, Қ. Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков театрдың негізін құрады. Одан кейін қазақ сахнасында тамаша актерлердің тұтас бір шоқ жұлдызы өсіп жетілді. Олар КСРО халық әртістері Ш.Айманов, С.Майқанова, Қ.Бөкеева, Ы.Ноғайбаев, А.Әшімов, халық әртістері Е.Өмірзақов, Қ.Мусин, Н.Жантөрин, Ш.Жандарбекова, С.Талғараев, Қ. Бадыров, т.б. Театр қазақ классикасымен қатар, шетелдік және орыс классикасын сахнаға шығаруға құлшына кірісті. “Любовь Яровая”, “Мылтықты адам”, “Ревизор”, “Отелло”, “Асауға тұсау” пьесалары театр жарнамасынан түскен жоқ.
1934 жылы К.Треневтің “Любовь Яровая” спектаклін қоюмен республиканың орыс театры өзі туралы хабар берді. Театр құрушылардың басында Е.Б. Кручинина, Ю.Л.Рутковский, З.И.Морская, Е.Я. Диордиев, В.Б.Харламова, Ю.Б. Померанцев, Я.А Темкин, Е.В. Попов және т.б. болды. Сонымен бірге жергілікті театрлар саны да өсті. 1940 жылы республикада 40 театр болса, оның 20-сы қазақ тілінде жұмыс істеді. Алматыда республикалық ұйғыр және корей театрлары ашылды. Қазақстаның музыкалық мәдениетінің ерекшелігі оның көпұлттық сипаты болды. Қазақ музыкасын сындарлы шығармаларымен композиторлар М.Төлебаев, А.Жұбанов, Л. Хамиди, Е.Брусиловский, Б.Байқадамов, С. Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Қ.Қожамияров, Н. Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Б.Баяхунов, т.б. байытты. Қазақстанның музыкалық мәдениетін байытуда Р. Бағланованың, Е. Серкебаевтың, Б. Төлегенованың, Ш. Бейсекованың, Б. Жынысбаевтың, Н.Қаражігітовтің, Ш.Қажығалиевтің, сондай-ақ олардың артынан сахнаға келген Ә.Дінішевтің, Р.Рымбаеваның, Н.Есқалиеваның, балет артисі Р.Баповтың, пианистер Ғ.Қыдырбаева мен Ж.Әубәкірова, скрипкашылар А.Мусахожаева мен Г.Мырзабекованың енбектері ерекше зор. Халық арасында үлкен сүйіспеншілікке Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі (дирижері А.Жайымов), “Отырар сазы” оркестрі (Ж.Бикендіков), халық артісі Б.Аюханов жетекшілік ететін “Алматының жас балеті”, “Гүлдер” ән-би ансамблі, “Досмұқасан” эстрада ансамблі, т.б. ие болды.
Қазақстан кинематографиясының ең алғашқы туындысы 1930 жылы түсірілген “Дала әндері” атты кинофильм еді. Одан кейін “Жұт” (1931), “Қаратау құпиясы” (1932), “Бүлік” (1938) “Амангелді” фильмдері түсірілді. 60-70 жылдары көрермен жылы қаабылдаған “Атаманның ақыры”, “Мәншүк туралы ән”, “Қыз Жібек” фильмдері көрнекті режиссерлер Ш.Аймановатың, М.Бегалиннің, С.Қожықовтың басшылығымен тусірілді.
Кеңестік уақытта қазақтың бейнелеу өнері дүниеге келді. Суретшілер және мүсіншілер тек Алматы және Астанада ғана емес, Қазақстаның басқа қалалары Атырау, Қарағанды, Шымкент,Қызылорда, Тараз қалаларында жемісті еңбек етіп келеді. Қазақтың бірінші кәсіби суретшісі Ә.Қастаев-халық өмірін бейнелейтін көптеген тамаша картиналардың авторы. 1977 жылы ресбупликада 15 көрме залы жұмыс істеді, суретшілер шеберханаларының саны өсті. Көркемсурет өнерінде халық суретшілері О.Таңсықбаев, Қ.Телжанов, С.Романов, Н. Нұрмұхамедов, С Мәмбеевтер үлкен табыстарға жетті. Қазіргі кезде сурет мұражайы Атырауда жұмыс істейді. Онда талантты жергілікті суретшілер Б. Телеубевтың, А. Жантасовтың, М. Омаровтың, т.б. суреттері қойылған. Қазақстан суретшілері зор табыстарға жетті. Республика суретшілері жобасымен бірқатар жас қалалар- Ақтау, Кентау, Сәтбаев қалалары, сондай-ақ ірі-ірі мәдени-спорттық, көпшілік кешендері салынды. Олардың ішінде Алматыдағы “Медеу” мұз айдыны, “Қазақтан” биік қонақ үйін, Достық үйін ерекше атауға болады. 90-жылдардың аяғында ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысуына байланысты Астана құрылысы мен етек алып, оған Қазақстан сәулетшілері өздерінің қомақты үлесін қосып келеді. Қазақ драма театрының құрылуы Қазақстанның мәдени өмiрiндегi елеулi оқиға болды. ,,Еңлiк-Кебек,, пьсасымен ашықан бұл театр, орыстың көптеген классикалық шығармаларын қойды игерiп, үлкен жетiстiкке ие болды.
Қазақ бұлбұлы - Күләш Байсейiтова, бишi - Шара, кәсiпқой сахна жүлдыздары - С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Ж. Шанин, Ш. Айманов т.б. өз өнерлерiмен халық дәстүрiн жаңа заманға лайықты жалғастыра бiлдi. Қазақ әншiсi Ә.Қашаубаев, Майра Шамсудинова, Мариям Жагорқызы, Затаевич сияқты әншi-сазгерлердiң аты жүрт аузынан түспедi. 1938 жылы «Амангелді» фильмі түсірілді, 1941-45 жылдары Қазақстан киноматографистерi патриоттық тақырыптағы кинофильмдерді: «Абай әнi» , «Алтын мүйiз», «Жамбыл», 1950 ж. « Атаманның ақыры», «Қыз бен жiгiт», 1960-70 жылдары «Мәншүк туралы», «Қыз Жiбек» , «Транссiбiр экспресi», «Ана туралы аңыз» фильмдерi қазақ елiнiң кешегiсi мен бүгiнгiсiн тартымды жеткiзе бiлдi.
Достарыңызбен бөлісу: |