Дәріс 5. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. 1.Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері.
2.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.
3. Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт
1. Ежелгі Қазақстан жеріндегі қауымдық құрылыс мәдениеті: Материалдық мәдениет ескерткіштері.Адам мен мәдениеттің пайда болуы – бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Адам мәдениеттен тыс өмір сүре алмайды, ол заттар, идеялар, символдарды жасаушы. Мәдениет – антропогенді. Адамның пайда болуынан бастап алғашқы мемлекеттердің пайда болуына дейінгі аралықты алғашқы қауымдық құрылыс деп атау қалыптасқан. Бұл уақыт аралығында адамның тек физикалық типі өзгеріп қана қойған жоқ, еңбек құралдары, баспана түрі, ұжымды ұйымдастыру формасы, жанұя, дүниетанымы өзгерді.
Адам қолынан шыққан еңбек құралдарын, баспанасын, жерлеу рәсімдерін салыстыра отырып, археологиялық тұрғыдан кезеңдерге бөлу қалыптасты: тас, қола және темір ғасыры. Палеолит /грек. ежелгі тас/ 12 мың жыл бұрын, мезолит - 9мың жыл бұрын, неолит – 6 мың жыл бұрын. (Мәдениет орналасқан жері бойынша да аталады, мысалы, Солт. Франциядағы Шель қаласының атымен аталуы және т.б.)
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін кезеңдерге бөлу проблемасында материалдық және рухани мәдениеттерді негізге алған жүйені ХІХ ғасырдың 70-жылдары Л.Морган ұсынды. Ғалым ежелгі мәдениеттерді қазіргі американдық үндістер мәдениетімен салыстырады. Осыған сәйкес алғашқы қауымдық мәдениетті үш кезеңге бөледі: жабайылық, варварлық және өркениет. Жабайылық кезеңінде ерте рулық құрылыс/палеолит, мезолит/ садақ пен жебені ойлап табуымен аяқталады. Варварлық кезеңде керамикалық бұйым жасау, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Ал өркениет сатысында қола металлургиясы, жазу және мемлекеттер пайда болған.
Қазақтың қазақ болып қалыптасуы саналы түрде өзiне дейiнгi әлеуметтiк-тарихи тәжiрибенi тұрмыс тiршiлiктерiне жарата бiлуiнiң арқасында iске асты. Тәжiрибенi iске асыра бiлгеннiң нәтижесiнен қазақ мәдениетi адамдық қоғам болып қалыптасқан кезеңiнен бастап iргетасы ерте қаланады. Адамзат тарихындағы алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тұрмыстық заттарының қандай материалдардан жасалғандығын негiзгi алып, ежелгi адамзат мәдениетiнiң тас дәуiрi, қола және темiр дәуiрi болып үш кезеңге бөлiнді.
Қола дәуiрiндегi Еуразияның Ұлы даласын мекендеген тегi мен тағдыры ортақ туыс тайпалар бiр үлгiдегi, бiр стильдегi бiрыңғай мәдениет қалыптастырды. Оның мұралары Ачинск маңындағы Андроново селосының қасынан табылғандықтан, ол мұралар ,,Андрон мәдениетi,, деген атпен белгiлi. Қола дәуiрiнiң басты ерекшелiктерi: қола өндiру мен қола еңбек – құралдарын жасау, мал шаруашылығының бақташылық формасының дамуы, теселi егiншiлiктiң пайда болуы болып табылады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ер адамдар еңбегi ролiнiң күшеюi аналық билiктiң әкелiк-патриархалдық билiкке ауысуына себеп болды.
Андрон мәдениетiнiң Қазақстандағы табиғи жалғасы Беғазы - Дәндiбай мәдениетi деп аталады. Орталық Қазақстанның археологтары 30-дан астам елдiмекен, 150-дей молалар, көптеген ескерткiштер тапты.