Ф 05-05 келісім шарт № Кәсіптік практиканы өткізуге



бет1/2
Дата12.05.2023
өлшемі22,81 Kb.
#176524
  1   2
Байланысты:
коллектив договор өзгертілген (1) (1)




Ф.7.05-05
КЕЛІСІМ ШАРТ №_____
Кәсіптік практиканы өткізуге

Шымкент қаласы 2023 жылғы «___»_________


Жарғы негізінде әрекет етуші Қожамжарова Дария Пернешовна Басқарма төрағасы - ректор атынан, бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы бір жағынан, екінші жағынан бұдан әрі «кәсіпорын» деп аталатын _____________________________________________________________________
(кәсіпорын, мекеменің атауы)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________________
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері) (басшысының Т.А.Ә.)
екінші жақтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1. Білім беру ұйымы _______________________________________________________________________
(мамандықтың шифры және атауы)
мамандығының (біліктіліктің) _______________________________________________________________
(білім беру бағдарламаның атауы)
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқытуын жүзеге асырады.
2. Кәсіпорын күнтізбелік кестеге, кәсіптік практика бағдарламасына және басқа да нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін жағдай жасау бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Білім алушылар өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.


2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:

  1. _________________________________ оқу нысаны бойынша __________________________________

(мамандықтың шифры және атауы)
___________________________ мамандық бойынша оқитын білім алушылардың академиялық күнтізбеге сәйкес ___________________________________________ практиканы өту мақсатында кәсіпорынға жіберу;
(практика түрі)

  1. кәсіптік практиканың бағдарламасын және өтудің күнтібелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;

3) кәсіпорынға кәсіптік практиканың басталуынан екі ай бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
4) білім беру ұйымның тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекіту;
5) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушылармен сақталуын қамтамасыз ету, пандемия кезінде санитарлық- эпидемиологиялық режимнің талаптарын сақтауын;
6) білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикасына мерзімді бақылау етіп, оның дәстүрлі және қашықтықан өтуін ұйымдастыру;
7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушылардың оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
9) жазатайым оқиғаларды, егер олар практиканы өту барысында білім алушының қатысуымен болған оқиғаларды тексеруге қатысу;
10) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
11) тұрғылықты мекен-жайынан практика базасының алыс орналасуы кезінде білім алушыға көлік қызметі мен қажетті тұрмыстық және басқа жағдайлар жасау мүмкіндігін қарастыру.
5. Білім беру ұйымы:
1) білім алушылардың өз еркімен оқытуды тоқтату, оқытудың қайта оқу курсына қалдырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен беліленген тәртіпте оқудан шығарылғаны кезде бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы.
6. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушылардың еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуын жүргізу;
2) тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде иеленген мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру гранты негізінде оқыған түлектің кандидатурасын қарастыру;
3) білім беру ұйымына академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну;
4) осы шарттың ережелеріне сәйкес, білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практика өтуіне жағдай жасауға;
5) практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыларды пайдалануға жол бермеу;
6) бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушылардың кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуін қамтамасыз ету;
7) білім алушылардың еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;
8) білім алушылардың кәсіптік практиканың бағдарламасын толық игеру және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарда қажетті жағдай жасау;
9) кәсіптік практика аяқталған соң білім алушылардың жұмысы туралы мінездеме беру және практикадан өту сапасын бағалау.
7. Кәсіпорын:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысу;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыру;
5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің күтуіне сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап ету құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет