1.5. Кәсіпкерлік қызметтегі команданың ролі "Дұрыс команда" деген мағынада адам саны емес, кәсіпқойлардың сапасы шифрланған. Командада тек бірнеше адам болуы мүмкін, бірақ олар 10 және одан да көп қатысушы басқа командаға қарағанда өнімді жұмыс істей алады.
Тек дұрыс команда жинау арқылы қазіргі бизнес әлемінде маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Егер бизнесті механизм ретінде елестетсек, онда оның жұмыс тиімділігі үшін оның құрамдастары өздерінің жеке міндеттерін жақсы орындауға міндетті. Осы қағидат бойынша бизнес-команда құрылуы тиіс.
Сіз өз айналаңызға қандай да бір салада өзіңізден де артық білімі бар кәсіпқойларды жинаудан қорықпаңыз. Дәл солай болғаны дұрыс! Есіңізде болсын: бәрін өз күшіңізбен жасамауыңыз керек! Ол үшін бизнес-команда бар. Бизнесменнің аса маңызды қасиеттерінің бірі - өз айналасына кәсіпқой адамдарды жинай білу, оларды біртұтас, үздіксіз жұмыс істейтін механизм ретінде әрекет ететіндей ортақ мақсатқа жұмылдыра білу. Тек сонда ғана сізге моральдық қана емес, қаржылық қанағат әкелетін табысты стартап басталады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, стартаптардың басым бөлігі дұрыс бизнес-команданың болмауынан күйрейді. Өте жақсы бизнес-жобаны бір адамның іске асыруға тырысуы - одан да жаман әрекет. "Жалғыздың үні шықпас" деген қағиданы бизнесте де ұстану керек. Көзге көрінетін нәтиженің жоқтығына қоса үлкен жүктемені көтеріп кету сізге қиынға соғады.
Алдымен команда оның негізін қалаушы адамға (адамгершілік, темперамент, жылдам әрекет ету және т.б. бойынша) ұқсас адамдардан тұруы керек деп айлауыңыз мүмкін. Алайда, шын мәнінде мұның тек бір ғана артықшылығы бар – мұндай команданы басқару оңай. Шын мәнінде мықты команда көзқарастары мен нанымдары, өмірлік ұстанымдары, мінез-құлықтары, өзекті әдеттері мен құндылықтары әртүрлі адамдардан тұрады.
Тәуекел сақтықпен, оптимизм – пессимизммен, креатив – прагматикалықпен, салақтық – әкімшіліктік мүмкіндіктермен толықтырылуы тиіс. Мұндай әртүрлі адамнан құралған командада тамаша, орташа, біркелкі, қуатты шешімдер қалыптасады. Көшбасшының негізгі міндеті-байланыстырушы буын ретінде әрекет ету және шешімдерді шоғырландыру.
Алайда, команда мүшелері бір-бірін құрметтеуі, ортақ идеяны "сіңіруі" және оны жақтауы, ортақ құндылықтары болуы және нәтижесінде мақсатқа ұмтылуы тиіс.
Команданың әрбір қатысушысы ондағы өз рөлін түсінуі және нақты көрсетілген міндеттер шеңберін шешуі тиіс, мысалы, қаржыландыру, іске асыру, техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, жылжыту және т.б. мәселелер. оған қоса команданың барлық мүшелері тұрақты түрде біртұтас ақпараттық алаңда болулары тиіс. Командада ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді ұғынып-зерделеуді өзгеріссіз синхрондау жолға қойылуы тиіс. Барлығында "біз кімбіз және қайда бара жатырмыз" деген бірыңғай және бір мағыналы түсінік болуы тиіс.
Екі Стивтен: Стив Возняк пен Стив Джобстан тұратын Apple командасы дәл осы принцип бойынша жұмыс істеді. Возняк сауданы емес, компьютерді жақсы меңгерді. Сауда-саттықпен Джобс айналысты. Возняктың техникалық білімі Джобстың бизнес-көзқарасымен бірге әлемді өзгертті.
Команда үйлесімді және ұйымшыл әрекет етуі керек – бұл бизнес табысының құрамдас бөлігі. Оның әрбір мүшесі белгілі бір міндеттерді орындауға және басқаларды толықтыруға міндетті. Ең қиыны - осы рөлдерді анықтау. Қазір біз PAEI моделін қарастырамыз, ол дәл осыған арналған.
Ицхак Адизес, менеджмент жөніндегі сарапшы, 1970-ші жылдардың бірінші жартысында PAEI моделін әзірледі. Содан бері оны бүкіл әлем бойынша мыңдаған түрлі компаниялар, соның ішінде Қазақстан қолданады, оның жарқын мысалдарының бірі - BI Group.
PAEI-бұл акроним және табысты болу үшін кез келген ұйымға қажетті менеджменттің төрт түрін (рөлін) сипаттайды. Бұл рөлдер: продюсер (P), әкімші (A), кәсіпкер (E) және интегратор (I).
Бірде-бір адам барлық төрт рөлді өз бетінше орындай алмайды. Бірақ табысты командада олардың бәрі болуы керек. Бастапқы әдіснамада компанияның даму сатысына байланысты команда құрамына екпін беріледі. Сондай-ақ, PAEI моделін күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін пайдалануға болады. Іс жүзінде әр адамның білімінде белгілі бір олқылықтар болады және бұл модель олардың орнын толтыруға көмектеседі.