Вирусты маркетингке адамдардың айналасындағылармен ақпаратпен бөлісу әдеті жатады. Оның әдістерінің мәні - қызметтерді немесе тауарларды сатып алған тұтынушылардың олар туралы өздерінің достарына және таныстарына айтып беруіне, осы арқылы "жарнамалаушы" болуына жағдай жасау.
Вирустың автономды таралуы бірінші қараған-оқыған адам екіншісіне жіберетін сілтеме арқылы іске асырылады. Вирусты маркетингті газеттерге, содан кейін теледидар экранына өздері туралы қауесеттер мен өсек тарататын шоу-бизнес жұлдыздары белсенді пайдаланады. Содан кейін оқиғаны қатардағы адамдар қағып алып, оны бір-бірімен талқылайды.
Бүгінде вирустық маркетинг тарату үшін жаңа арна тапты, ол - интернет, ол жерде пайдаланушылар бір-бірімен видео, фотосурет, сүйікті музыкаларын алмасады. Блогтар, форумдар, қауымдастықтар, әлеуметтік желілер - жарнама вирусының "көбеюі" үшін бұдан артық жерді табу қиын.