Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Бәсекелестік түсінігі және оның түрлері



бет194/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

11.1 Бәсекелестік түсінігі және оның түрлері
Бәсеке дегеніміз- нарыққа қатысушылардың тауарларды өндіруде, сатуда және сатып алуда жақсы жағдайлар үшін сайысы.
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «ниетсіз бәсеке» деп атауға болады:

  • бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

  • бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;

  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;

  • бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;

  • келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Бәсекені оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалық және бағадан тыс немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке.
Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді.Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет