15.4 Көпшілік алдында сөйлеудің негізгі дағдылары Әрбір кәсіпкерге өз қызметінде ерте ме, кеш пе аудиторияның алдында сөйлеуге тура келеді. Бұл өз өнімінің, көрсетілетін қызметінің немесе қандай да бір идеяның презентациясы болуы мүмкін. Осыған сәйкес кәсіпкер әрқашан да көпшіліктің алдында сөйлеуге дайын болуы тиіс, өйткені бұл өзіңіз және өніміңіз туралы мәлімдеуге таптырмас мүмкіндік. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары танымал болуға, сізге және сіздің идеяңызға сенетін адамдарды тартуға көмектеседі. Егер кәсіпкердің бойында бұл дағдылар болмаса, ол қобалжып, уайымдап, жүйелі сөйлей алмайды.
Қазір біз шешен адамның аудиторияның алдында ойдағыдай сөйлеуі үшін қажетті негізгі дағдыларды талқылаймыз.