5.6. Медиа-жоспар Әлеуметтік желілерде бизнесті тиімді жүргізу желілерде медиа-жоспар (жарияланатын посттардың жоспары) жазылуын білдіреді.
Посттар келесі тақырыптарға арналуы мүмкін:
1. Өнімге шолу жасау
Өнімнің / қызметтің артықшылықтары туралы әлеуетті клиенттерге арналған қысқаша әңгіме.
2. Өнімдерді салыстыру
Өнімді / қызметті ұқсас өніммен салыстыру. Бұл жағдайда ұқсас өнімнің кемшіліктері туралы айтуға болмайды, одан гөрі компания өз өнімдерінің / қызметтерінің артықшылықтарына назар аудартуы керек.
3. Өнім тесті
Әлеуетті клиенттерге осы өнімнің басты артықшылықтарын көрсететін тест өткізу керек.