7. Маркетинггік жоспар.Маркетинг бизнесті табысқа жетелейтін маңызды жолдардың бірі. Көптеген кәсіпорындар тартымды өнім өндіргенімен, маркетингтің жоқтығына немесе маркетингтік бағдарламаның дұрыс жасалмауынан сәтсіздікке ұшырайды. Осы бөлімде өз жоспарының негізгі элементтері: тауарлар, нарықтар, әр түрлі өндірістің дамуы жөнінде түсіндіріледі. Мұнда маркетингтің мақсаты, міндеті, фирманың қандай маркетингтік стратегияны қабылдағаны туралы, тауарлардың жеке фирмалық дүкендер немесе көтерме сауда ұйымдары арқылы сатылатындығы, тауарларға қойылатын баға қалай анықталатыны және пайдалылық қандай деңгейде болатыны, сату көлемінің тұрақты өсуін, өткізу көлемін ұлғайту немесе жаңа тұтынушыларды ынталандырудың формалары есебінен, фирма және оның тауарлары туралы жақсы мәліметтерге қалай жетуге болатындығы жайлы ақпараттарды қарастырудан тұрады. Сондықтан бұл бөлім мынадай бөлімшелерден құрылады:
- маркетинг стратегиялары мен мақсаттары;
- баға белгілеу;
- тауарларды тарату схемасы;
- сатуды ынталандыру әдістері;
- сатудан кейін клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- жарнама;
- фирмалар және тауарлар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы.
«Баға – сапа – рентабельділік» параметрлері бойынша өзара байланыс сақталуы тиіс. Баға белгілеу кезінде бағалардың жалпы құрылымын әзірлеу, оның өзгеруі, баға стратегиясының жалпы пайдаға әсері ескеріледі.