Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет79/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

"Экспресс сұхбат" әдісі пайдаланушының айналасындағы жағдайды білу немесе нақтылау қажет болған кезде "Бақылау және тыңдау" режимін пайдалана отырып жүргізіледі.

  • Экспресс сұхбат "дәл осы жерде және қазір" режимінде бір мәселені сынау қажет болған кезде пайдалы.

  • Прототип әзірлеу немесе жаңартуларды тексеру кезінде бірнеше итерация жасағанда әдіс тиімді болуы мүмкін.

  • Экспресс сұхбат фото және видео ақпараттарды бірінші жинау кезінде қолайлы болады. Бірінші аналитикалық кезеңде деректерді бұрмалап, өз бетіңізше, өз түсінігіңізбен түсіндірмей, сұхбаттың осындай түрінің бақылауларын қолдана отырып қадағалаулардың дұрыстығы мен сенімділігін тексеруге сізде әрдайым мүмкіндік болады.

Дайындық:

  1. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін нақтылап жазу керек.

  2. Қарым-қатынас барысында түзетілуі және/немесе өзгертілуі мүмкін 5-10 негізгі сұрақтарды құрыңыз. Сұрақтар алдын-ала жоспарланбай, әңгімелесу барысында да пайда болуы мүмкін.

  3. Сұхбат кезінде белгілі бір адамға сұрақ қоюға байланысты оқиға ойлап табыңыз. Экспресс сұхбат кезінде адаммен өз "контексінде", мысалы, ол адам өз міндеттерін орындап жатқанда немесе жолда кетіп бара жатқанда сөйлесуге тура келетіндіктен, өзіңіздің оған хабарласқандағы мақсатыңызды айтып бергеніңіз жөн.

Өткізу:

  1. Әңгімелесудің барлық кезеңінде "иә, сосын", ""әрине" "келіңіз бірге көрейік" және басқалары сияқты сөз тіркестерін қолдана отырып өзін бейтарап позицияда ұстау маңызды.

  2. Пайдаланушыға әңгімелесу барысында қысым жасауға болмайды: егер адам ойындағысын айтқысы келсе, оған мүмкіндік беріңіз.

  3. Әңгіменің желісін сұрақ қоя отырып жалғастырып, әңгімелесушіні көңіл қойып тыңдаңыз.

  4. Пайдаланушының сіз берген тақырыптан басқа жаққа ауып кетпеуін қадағалаңыз.

Талдау:

  1. Бақылау нәтижелері мен жазбалары бар стикерлерді өз әріптестеріңіздің ұқсас материалымен біріктіріңіз.

  2. Бұл материал алынған деректерді талдауға қажет болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет